❄️
-0°C
Қонаев
Дүйсенбі, Желтоқсан 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел игілігіне берілді

    14.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Ел игілігіне берілді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Алатау қаласының «Еңбек» шағынауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған заманауи фельд­шерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.

    «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында бой көтерген нысанның ашылу салтанатына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов, Алатау қаласы әкімінің орынбасары Гүлбану Несіпбаева қатысып, елдімекен тұрғындарын медициналық нысанның ашылуымен құттықтады.
    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық жердегі денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жөніндегі бастамасын сапалы әрі уақытылы іске асыруымыз керек. Бүгін сол ұлттық жобаның орындалуының куәсі болып, фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылу салтанатында тұрмыз. Өңірімізде «Ауылдық жердегі медицинаны жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 38 нысан салынып жатыр, жыл аяғына дейін үшеуі ашылады. Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің аумағы – 612 шаршы метр. Нысан «Еңбек» шағынауданы және Алатау қаласына жақын маңдағы аумақтардың 900 тұрғынына қызмет көрсетуге арналған. Мұнда фельдшер, акушер, санитар және өзге қызметкерлер еңбек етеді. Мекеме заманауи жабдықтармен жабдықталған, пациенттерді қабылдау және медициналық персоналдың жұмысы үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Ел игілігіне табысталатын жаңа ғимарат азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жол ашсын! Шипа іздеп келген жандарға жоғары деңгейдегі қызмет көрсететін орынға айналсын!» – деді басқарма басшысы Ержан Сүлейменов.
    Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт «Еңбек» шағын ауданы және Алатау қаласының жақын маңдағы аумақтарының тұрғындарына уақытылы және сапалы алғашқы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Алатау қаласы әкімінің орынбасары Гүлбану Несіпбаеваның сөзінше, мұндай жобаларды іске асыру жаңа қаладағы медициналық қызметтердің қолжетімділігін едәуір арттырады және алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін нығайтады. Аталған шарада ардагерлер ауыл тұрғындарының атынан сөз сөйлеп, әлеуметтік нысанның көптеп ашылып жатқанына зор алғыстарын білдірді.
    Ғимарат заманауи жабдықтармен толық қамтылған. Мұнда алғашқы қабылдау, жүкті әйелдерге арналған арнайы кабинет, егу және процедуралық бөлмелер қарастырылған. Ғимаратқа ауызсу құбыры мен кәріз жүйелері тартылған. Айта кетсек, жалпы облыста қайтарылған қаражат есебінен 29 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр, оның 26-сы – денсаулық сақтау мекемесі.

    Ерзат АСЫЛ

    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    Тәңіртаудың тарланы немесе әкем жайлы бір үзік сыр

    Тәңіртаудың тарланы немесе әкем жайлы бір үзік сыр

    2 months ago
    Кітапқа құштарлық

    Кітапқа құштарлық

    3 weeks ago
    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    1 year ago
    Заречный кентінде көппәтерлі үй өртенді

    Заречный кентінде көппәтерлі үй өртенді

    2 years ago
    Жас боксшылар бәсекесі

    Жас боксшылар бәсекесі

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>