⛅
12°C
Қонаев
Жұма, Қараша 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Еңбекқорлық пен спорттық табандылық

    21.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Еңбекқорлық пен спорттық табандылық
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қарасай ауданындағы «Nur-Aman» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ілияс Жұмайды еске алуға арналған ашық республикалық еркін күрес турнирі басталды. Ел өңірлерінен және көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген 200-ден астам жасөспірім мен 23 жасқа дейінгі ерлер өзара мықтыны анықтауда.

    Турнирдің ашылу салтанатында спорт саласының өкілдері, бапкерлер, күрес ардагерлері, Ілияс Жұмайдың достары мен туған-туыстары сөз сөйледі.

    «Бұл турнир – өз өмірімен және жеңістерімен тұтас бір жас буынға шабыт берген спортшыға деген құрметтің белгісі. Енді оның ісін сеніммен, арманмен, табандылықпен алға қадам басып жатқан жастар жалғастырып келеді. Бүгін бұл бозбалалар – республикалық доданың қатысушылары, ал ертең Азия, әлем және тіпті Олимпиада чемпиондарына айналуы мүмкін», – деді қатысушылар мен ұйымдастырушыларға арнаған сөзінде Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров.

    Ілияс Жұмай – Алматы қаласының тумасы, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасындағы Азия чемпионы, 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиевтің жүлдесіне арналған беделді халықаралық турнирдің жеңімпазы. Оның есімі еңбекқорлық пен шынайы спорттық табандылықтың үлгісі ретінде Қазақстан күресінің тарихында мәңгі қалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай турнирлер Қазақстанның спорттық резервін дайындауда маңызды рөл атқарады. Көптеген спортшылар үшін дәл осындай жарыстар халықаралық аренаға апарар алғашқы қадамға айналады.

    «Қазақстанда лайықты жас буын өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Мұндай турнирлер тәжірибе жинауға, мінезді шыңдауға және сенімділікке жол ашады. Ілияс – жүрегі кең, қайсар балуан еді. Бұл турнир оның рухын жастарға жеткізудің бір жолы. Қуаныштысы – биыл алғаш рет жарыс республикалық деңгейге шықты. Ал екі жыл бұрын бұл турнир облыстық деңгейде басталған еді. Одан да маңыздысы – жарыстың ашық мәртебесі көрші елдерден келген спортшылардың қатысуына мүмкіндік берді. Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан келген достарымыз біздің шақыруымызды қуана қабылдады», – деді жарыстың бас төрешісі Қуаныш Ботабаев.

    Спортшылар 55 келіден бастап 130 келіден жоғары аралықтағы 10 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салуда.

    «Мен үшін бұл турнирге қатысу – үлкен мәртебе. Себебі ол көптеген адамға үлгі болған тұлғаның атымен аталады. Біз боз кілемде тек медаль үшін емес, ұлттық күресімізді даңққа бөлеген жандардың рухы үшін де күресеміз», – деді жарысқа қатысушы Медет Қуанышбеков. Қарасай аудандық спорт мектебінің тәрбиеленушісі – еркін күрестен Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат. Бұл спорттық атақты ол биыл өткен Қазақстан чемпионатында жеңіп алды. Аталған турнирде де ол 57 келі салмақ дәрежесінде басты фавориттердің бірі саналады.

    Финалдық белдесулер мен жеңімпаздарды марапаттау 22 қазан күні өтеді. Спортшыларды – медальдар, кубоктар мен ақшалай сыйлықтар, ал көрермендерді – 18 бен 23 жас аралығындағы еркін күрес шеберлерінің тартысты белдесулері күтуде.

    Ұсынымдар

    Тозған инфрақұрылым желілері азаяды

    Тозған инфрақұрылым желілері азаяды

    2 years ago
    ТАҒАЙЫНДАУ

    ТАҒАЙЫНДАУ

    4 months ago
    Жалған сөз жарға жығады

    Жалған сөз жарға жығады

    7 months ago
    Алып елден алаш жоғын іздеген

    Алып елден алаш жоғын іздеген

    7 months ago
    Қоғамдық көлікте қауіпсіздік күшейтілмек

    Қоғамдық көлікте қауіпсіздік күшейтілмек

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>