⛅
5°C
Қонаев
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    СУ АРНАСЫ ТАЗАЛАНУДА

    06.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    СУ АРНАСЫ ТАЗАЛАНУДА
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Аграрлы Балқаш ауданындағы суармалы жерлерді тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп тұрған – Іле өзені. Кейінгі жылдары өзен деңгейі төмендеуіне байланысты суармалы егістік алқабын тіршілік нәрімен қамтамасыз ету басты мәселеге айналуда. Осы түйткілді шешу мақсатында Іле өзенінен арнайы қазылған «Тасмұрын» және «Бақанас» магистральды каналдарын тазалау жұмысы жыл сайын жүйелі атқарылып келеді. Ауқымды жұмыс биыл да өз жалғасын тауып, «Тасмұрын» және «Бақанас» магистральды каналдарының бастапқы сағаларына механикалық тазалау жұмысы жүргізілуде.

    Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Асқар Кәдірұлы мен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бүркіт Мұқанов, «Алматыоблсушар» мекемесінің бөлімше басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Ердос Деңгелбаев «Бақанас» магистральды каналының бастапқы сағасына арнайы барып, ол жердегі атқарылып жатқан ауқымды жұмысты көзбен көрді.
    Су жүйелерін тазалау жұмысына жауапты Ердос Деңгелбаев «Тасмұрын» магистральды каналының бас сағасын құм шөгінділерінен механикалық тазалау қыркүйек айының 21-і күні басталып, 10 қазанда толыққанды аяқталғанын айтты. Сонымен қатар 8 қазанда «Бақанас» магистральды каналының бастапқы сағасын механикалық тазалау жұмысы басталғанын, ол 10 қарашада аяқталатынын, қазіргі таңда бұл іске 10 жұмысшы, 4 құмтиегіш, 2 экскаватор, 1 бульдозер, тағы да басқа арнайы техникалар жұмылдырылғанын айтты.
    «Қазіргі таңда тазаланып шығарылған құм шөгіндісінің көлемі – 316 мың тонна. Атқарылып жатқан жұмыс 2026 жылдың вегетациялық кезеңіне ауқымды дайындық іс-шаралары қатарына жатады. Яғни ауданымыздың су пайдаланушы шаруашылықтарына суармалы егіс алқабына қажетті суды уақытында және ысырапсыз жеткізіп беру көзделуде», – деді ол.
    Асқар Кәдірұлы жоғарыда аталған су жүйелерін тазалау жұмысы жыл сайын өз деңгейінде сапалы атқарылып тұрса, егістік алқабына дәнді дақылдарды, соның ішінде күріш дақылын егу айтарлықтай қиындық туғызбайтынын айтып, ауқымды жұмысты жүйелі жүргізіп жатқан мекемеге өз істеріне жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертті.
    Ақ күріш – ауданымыздың байлығы. Сондықтан да оған қажетті су мөлшері жеткілікті болғаны абзал. Ал судың мол болуы жоғарыдағы аталған каналдарға тікелей байланысты. Жұмыс өз деңгейінде атқарылатын болса, тіршілік нәрі де мол болмақ.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Диқандар дала төсінде

    Диқандар дала төсінде

    3 months ago
    Ұстаздар қолдау танытты

    Ұстаздар қолдау танытты

    1 year ago
    Әлеуметтік мәселе – басты назарда

    Әлеуметтік мәселе – басты назарда

    4 months ago
    Салық қызметкерлері марапатталды

    Салық қызметкерлері марапатталды

    2 years ago
    МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

    МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>