❄️
-17°C
Қонаев
Сенбі, Ақпан 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Саябақтағы сауапты іс

    08.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Саябақтағы сауапты іс
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

        Халқымызда «Бір жылдығын ойлаған бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған ағаш егеді» деген аталы сөз бар. Расында, туған жерді көгалдандыру – баршамызға ортақ іс, әрі келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалған үлкен қадам. Осыған орай Кегендегі «Жастар» саябағында өңірдің тазалығы мен экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында дәстүрлі «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтті.

    Игі шараға Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев қатысып, көпшілікпен бірге ағаш көшеттерін отырғызды. Акцияға ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйым өкілдері мен аудан тұрғындары атсалысты.
    – Әрбір азамат туған жеріне жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаның тазалығына үлес қосуы қажет. Аталған акция – тек айналаны көркейту үшін қолға алынған жұмыс емес, бұл – елдік мүдде, ұрпақ қамы үшін атқарылып жатқан іс. Әрбір егілген көшет – болашақтың тынысы. Жасыл белдеуді көбейту – біздің ортақ міндетіміз, – деді Нұрбақыт Молдахметұлы.
    Акцияға қатысқан аудандық ақсақалдар алқа­сының төрағасы Көпжасар Нұрлыбай бұл шараның тәр­биелік маңызы жоғары екенін атап өтті.
    – «Таза Қазақстан» акциясы әр азаматтың өз ауылын, ауласын, мектебін, көшесін таза ұстауға үндейді. Біз жастарға экологиялық тәрбие берудің маңызын насихаттауымыз керек. Мектеп оқушылары осы бастан табиғатты аялауға дағдыланса, олардың елге, жерге деген сүйіспеншілігі де арта түсетіні анық, – дей келе баршаны тазалықты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолында бірлесіп еңбек етуге шақырды. Сондай-ақ ол Кеген ауылы маңындағы «Түменбай» бастауын қоршап, шағын саябаққа айналдырсақ деген ұсынысын да жеткізді.
    Экологиялық акцияға аудандық жастар ресурстық орталығының еріктілері де белсене қатысты. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Бек Әбдіманаповтың айтуынша, өңірде 30 қарағай, 20 сирень, 49 арша, қарағаш, 190 шырша, 400 жеміс ағашы, 3110 тал-терек егілген.
    Акцияға қатысушылар «Жастар» саябағы аума­ғын көгалдандырып, жас көшеттермен көмкерді. Сөйтіп, олар бір күннің еңбегін мың күннің игілігіне айналдырды.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтуде

    Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтуде

    1 year ago
    Алматы облысында «Денсаулық бұрышы» акциясы жалғасын тапты

    Алматы облысында «Денсаулық бұрышы» акциясы жалғасын тапты

    9 months ago
    Облыс өнерпаздары еліміздің ірі қалаларын аралады

    Облыс өнерпаздары еліміздің ірі қалаларын аралады

    2 years ago
    Қаскелеңде перзентхана терезесінен секірген әйел жансақтау бөлімінде жатыр

    Қаскелеңде перзентхана терезесінен секірген әйел жансақтау бөлімінде жатыр

    3 years ago
    Тыныштықты күзеткен

    Тыныштықты күзеткен

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>