⛅
5°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қараша 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Жырым менің – туған жер

    18.11.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Жырым менің – туған жер
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Шалкөде – талай таланттың қанат қаққан қасиетті мекені. Мұзбалақ Мұқағали жырлап өткен осы көрікті өңірде туып-өскен, поэзия әлемінде өзіндік орны бар қаламгерлердің бірі – ақын Сәлім Жусанбаев. «Өткерген өмірімнің бәрі майдан», «Уақыт үні», «Қарлығаштың ұясы» секілді жыр жинақтары арқылы оқырман жүрегінен орын алған ақынның шығармашылығы жуырда туған жерінде лайықты дәріптелді.

    Райымбек ауданы Шалкөде ауыл­дық әкімдігінің акт залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мұқағали Мақатаев және Еркін Ібітанов атындағы төсбелгілердің иегері Сәлім Жусанбаевтың 65 жылдық мерейтойына орай «Жырым менің – туған жер» атты шығармашылық кеші өтті. Әдеби жиынға Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаев, алыс-жақыннан келген ақын-жазушы­лар, аудандық кітапхана қызмет­керлері және ауыл тұрғындары қатысты.
    Кеш аясында қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, шараны айтыскер ақын Жәнібек Аят жүрекжарды жыр-шумақтарымен ашты. Аудан әкімі ақынға құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты. Сонымен қатар Елеусіз Ахметкерімұлы, Ерлан Еркінұлы, Кемелбай Сағымбеков секілді қаламгерлер жылы лебіздерін білдірді.
    Кеш барысында Сәлім Жусанбаев­тың сөзіне жазылған әндер де орын­далды. Айтмұрат Төреғалидың «Ақбұлақ», Бақытжан Заманбековтің «Сағыныш» әндерін жергілікті өнер­паздар Нұрбақыт Нүптібек пен Нұрақын Абзал тамаша жеткізді. Мектеп оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқып, кештің мазмұнын байыта түсті. Әдеби шара сыр-сұхбатқа жалға­сып, ақын қойылған сұрақтарға мазмұнды жауап берді.
    Райымбек аудандық кітапханасының директоры Қымбат Нұрданбекқызы ақынға құттықтау хатын табыстап, шапан жауып, ақжарма тілегін арнады. Сондай-ақ кітапхана ұжымы кешке қатысып, өнер көрсеткен азаматтарға Алғыс хат ұсынды.
    Кеш соңында ақын Сәлім Жусанбаев өзіне көрсетілген қошеметке ризашы­лығын білдіріп, «Айғайтас» кітабы мен Еркін Ібітановтың таңдамалы жыр жинақтарын көпшілікке тарту етті. Әдеби кеш әнші Раушан Тоқсанбаева­ның орындауындағы «Шалкөде» әнімен түйінделді.
    Ақын – елдің айнасы, ұлттың үні. Сәлім Жусанбаевтың жырлары да осы кеште тыңдаушыларын ойлантып, қуаныш пен шабыт сыйлады. Туған жер төрінде өткен бұл әдеби басқосу ақынның шығармашылық жолына деген құрметтің тағы бір жарқын көрінісі болды.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Арманы асқақ

    Арманы асқақ

    10 months ago
    Алматы облысында мемлекеттік қаржыны жымқырудың бірнеше фактісі әшкереленді

    Алматы облысында мемлекеттік қаржыны жымқырудың бірнеше фактісі әшкереленді

    1 year ago
    Технологиялық әлеуетті нығайтады

    Технологиялық әлеуетті нығайтады

    1 year ago
    Майдангер медбике

    Майдангер медбике

    2 years ago
    Алатау қаласында отбасыларға қолдау көрсету шаралары жалғасуда

    Алатау қаласында отбасыларға қолдау көрсету шаралары жалғасуда

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>