☀️
-1°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Бәсіре-жыр

    27.11.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Бәсіре-жыр
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

        Қонаев қалалық кітап­хана­сында балаларға арналған жаңа туынды – ақын Алтыншаш Жақиянованың «Бәсіре-жыр» атты кітабы­ның тұсаукесер рәсімі өтті. Ақынның бұл жинағы – жас оқырманның жанын тербететін, бала әлеміне үңілуге жетелейтін сырлы да нұрлы дүние.

    Алтыншаш Жақиянова – Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағы­ның мүшесі, Қонаев қаласы мен Абай облысы Ақсуат ауданының Құрметті азаматы, бірқатар жыр жинағының авторы. Оның «Жаным­ның нұры», «Сүмбіле», «Қапшағай толқынында туған жырым», «Қанат жайған Қапшағай», «Менің Мұқағалиым», «Алып тұлға», «Сезімнің гүлі», «Құлыншақ», «Апа, сені сағын­дым» сынды кітаптары оқырман жүрегі­нен әлдеқашан орын алған. Енді, міне, сол қоржын тағы бір балаларға арналған жауһар дүниемен толықты.
    Жаңа кітаптың тұсаукесеріне ақын-жазушылар, кітапхана қызметкер­лері, балабақша тәрбиешілері, өнер жанашырлары қатысып, қаламгер қуанышымен бөлісті.
    Мерекелік кеш арнайы әзірленген буктрейлерді тамашалаудан басталды. Экраннан ақын жырларының нәзік әуені, бала жүрегінің лүпіліндей көркем ойлар төгіліп, көрерменді бірден кітаптың ішкі әлеміне жетелеп әкетті. Кітапхана директоры, кеш модераторы Айгүл Ақтанова жаңа жинақтың балалар әдебиетіне қосар салмақты үлесі туралы сөз қозғады.
    – «Бәсіре-жыр» – жай ғана өлеңдер жинағы емес, ол – баланың жан әлемін тануға мүмкіндік беретін туынды. Жеті бөлімге жіктелген кітаптың әр тармағы – кішкентайлардың қиялына қанат бітіретін, жүрекке жылы шуақ құятын бөлек бір әлем. Ақынның бала тәрбиесіне деген ерекше ықыласы, ұлттық құндылықтарға деген құрметі кітаптың құнын арттыра түседі, – деп әдеби кештің әрін айшықтады.
    Артынша ақынды ардақтап кел­ген қадірлі қонақтар Қонаев қаласы әкімінің кеңесшісі Сәуле Нұрсұлтанова, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрдәулет Ақыш, Қазақстанның Құрметті жазушысы Жұмаш Кенебай-Көкбөрі, Қонаев қалалық ардагер­лер ұйымының төрағасы Базарбай Бүркітбайұлы, Балқаш ауданы мен Қонаев қаласының Құрметті азаматы, ақын Ізтілеу Тойшыбайұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, ақын, компози­тор Төлеужан Ғұмаров, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Ержан Тоқтар жаңа кітаптың лентасын қиды.
    Алғашқы болып сөз алған Сәуле Қайырлықызы қала әкімі Асхат Бердіхановтың құттықтау хатын оқып беріп, ақынға сый-сияпат табыс етті.
    «Балалар әдебиеті – ұрпақ тәрбие­сінің басты көзі. Оған қосып жатқан сіздің үлесіңіз зор. Балаларға арнал­ған шығармаларыңыз – мейірім мен шапағаттың көрінісі. Бұл туынды кішкентай жүректерге қуаныш сыйлап, қиял дүниесін байытсын!» – делінген хат мәтінінде.
    Келесі кезекте сахнаға көтерілген балалар жазушысы Нұрдәулет Ақыш мемлекеттік бағдарлама арқылы жарық көрген бұл кітаптың жоғары сараптамадан өтіп, лайықты бағасын алғанын атап өтті. Сондай-ақ ол кітапхана қорына өзінің және танымал ақын-жазушылардың он шақты кітабын сыйға тартты.
    Кеш барысында Жұмаш Кенебай-Көкбөрі, Базарбай Бүркітбайұлы, Ізтілеу Тойшыбайұлы, Төлеужан Ғұмаровтар сөз сөйлеп, балалар әдебиетіне сүбелі үлес қосып жүрген қаламгерге жүрекжарды тілектерін арнады. Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Ержан Тоқтар қаламгерлер атынан құттықтауын жеткізіп, Алтыншаш ақынның бір өлеңін мәнерлеп оқып берді.
    Қонаев қалалық Мәдениет үйінің әншілері Сәкен Нұрпейісов пен Нартай Дарынның орындауындағы әуезді ән кеш көрігін қыздыра түсті. Ақынның сөзіне жазылған «Бесік жыры» туындысы жиналған қауымды тамсантып, аналар­дың әлдиіндей әсер беріп, залды тербеп өтті. Балалар бөлімінің үздік оқырмандары да сахнаға көтеріліп, автордың өлеңдерін жатқа оқып, ақынға деген құрметін көрсетті. Сондай-ақ бейнеүзінді арқылы берілген Алтыншаш Жұманқызының аудармалары жас көрерменнің жүрегіне жетті.
    Кеш соңында Қонаев қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынық­тыру және спорт бөлімінің басшысы Абылайхан Мұстафа ақын­ның шығармашылығына толағай табыс тілеп, жеке кітапхана қорының мөрін табыстады.
    Өз кезегінде сөз алған Алтыншаш Жақиянова: «Балаларға арналған шығарма жазуды тоқтатпаймын, ойда жүрген тың дүние көп. Баланың жүрегі – ең таза әлем. Сол әлемге жол таба білу – ақын үшін бақыт», – деп жүрекжарды лебізін білдірді.
    «Бәсіре-жыр» – атына заты сай балалар әлеміне жолданған бәсіре. Бұл кітап – сәби жүрегіне бағытталған жылы сөздің, ұлттық тәрбие мен мейірімнің көркем үлгісі. Жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, жүрегіне сәуле түсірер мұндай еңбектің жарық көруі – әдеби орта үшін қуаныш, руханият үшін үлкен олжа.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ  ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: қауіп пен мүмкіндік

    ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: қауіп пен мүмкіндік

    3 months ago
    Жеті жұрттың тілін біл!

    Жеті жұрттың тілін біл!

    2 months ago
    Жүйелі жұмыс жалғасады

    Жүйелі жұмыс жалғасады

    1 year ago
    Қолөнер – төл өнер

    Қолөнер – төл өнер

    11 months ago
    Қарты бар үй – қазыналы

    Қарты бар үй – қазыналы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>