⛅
24°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    Жырыммен аялаймын бәріңді мен

    02.12.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Жырыммен аялаймын бәріңді мен
    0
    SHARES
    5
    VIEWS
     ЕРКІН АҒА ЖАЙЛЫ СЫР
    Парасатқа барар жолда жүйе көп,
    Өлең құсы қонды маған кие боп.
    Әлі есімде, Ер-ағамның алдында,
    Жыр оқыдым өзіме-өзім ие боп.
    Бұл күн де бір арман еді көп күткен,
    Мақтау айтса алатындай  «оттық»  мен.
    Жыр оқыдым Ер-ағамның алдында,
    Содан кейін «Не айтар екен?» деп күткем.
    Ұстаған бір жандай болдым уысқа от,
    Не боларын  күтіп тұрдым тыныш тек.
    «Тамаша», – деп мақтамады ол,  айтқаны:
    «Алға қойған бағдарыңыз  дұрыс», –  деп.
    Кереметтей әсерленгем сол сөзге,
    Жүрегімді жылытпаған «өрт» өзге.
    Дұрыс десе, мақтағаны деп білдім,
    Бір жақсы өлең жазбасам да ол кезде.
    Содан бастап нұр шуағым шашылған,
    Шабыттанғам, тау суындай тасынғам.
    Ер-ағамның айтқан жылы сөзімен,
    Ақын болдым  жыр қақпасы ашылған.
    Мені ақын деп танымады көп адам,
    Ал мен сөзден жыр тұндырып  бере алам.
    Алғаш менің ақындыққа жолымды,
    Бастап кеткен Мұқағали мен Ер-ағам.
    Солай менің ойым, өрем өсіпті,
    Тағдыр маған жыр үлесін қосыпты.
    Мұқағали аузыма түкіріп,
    Еркін ағам тұсауымды кесіпті.
    Жыр айдында жарқырап бір мұратым,
    Елге бүгін боп танылдым шын ақын.
    Арманыма қанат байлап ұшырған,
    Екі бірдей қарасаздық ұлы ақын.
    Екі ақын да күллі елге болды әйгі,
    Барлық ақын жыр тербейді ол жайлы.
    Маған сенім артқан ұлы екі ағам,
    Маған жаман жыр жазуға болмайды.
    АЙҒАЙТАС
    Айғайтас ерекше бір тау дер ем-ақ,
    Жайқалған баурайы ағаш, тал ман абад.
    Тізіліп биігіне ала бұлттар,
    Жататын басына аппақ сәлдені орап.
    Жайғасқан тапжылмастай төрге берік,
    Сипаған сауырынан жел-желемік.
    Болмысы, таңқаларлық тұрпатымен,
    Беріп тұр осынау бір жерге көрік.
    Қарайсың тауға сұлу тамсанып құр,
    Тау ғажайып, ғаламат ән салып тұр.
    Шалкөдеден шығысқа соққан желге,
    Құшағын айқара ашып, қарсы алып тұр.
    Қапталынан мұз ақса қорым құлар,
    Сайрайды тамылжытып төрінде ұлар.
    Баурайын жапса қою қалың арша,
    Сай-сайында толқиды тобылғылар.
    Кеудесін төсеп дауыл, бұрқасынға,
    Тау мінезі байқалып тұр тасында.
    Ойнақтаса жартаста тауешкісі,
    Арқар, құлжа жайылған қырқасында.
    Қасқиып жатыр қарап қатып анық,
    Тауларды қос қапталдан жақын алып.
    Сарылдаған үнімен сайды жарып,
    Шалкөденің өзені жатыр ағып.
    Қарақат, доланасын төгілдіріп,
    Мөп-мөлдір өзеніне шомылдырып,
    Өтті менің осында балалығым,
    Аралап тау мен тастың жолын біліп,
    Таңқурай, бүлдіргенін теріп жүріп.
    Айғайтас – асқақ биік көркім менің,
    Атыңа мен жаман сөз келтірмедім.
    Осы өлеңнен байқалсын өрт үндерім,
    Келмеске кетсе де алыс сол күндерім.
    Тәкаппар заңғарлық бар тұлғасында,
    Мәңгілік қалар дейсің кім қасыңда?!
    Армандай асқар тауым, Айғайтасым,
    Ғұмырың таусылмасын мың ғасырда.
    Арнадым махаббатпен жырды асылға,
    Балаңның үні қалсын шың басында.
    Айғайтас, саған деген сезім ерек,
    Ыстықсың, ықыласым өзі бөлек.
    Жүрегімді баураса бір сағыныш,
    Жыр жазамын ынтығып өзіңе деп.
    Жайғасқан биік таулар төріне шын,
    Айғайтас, асқағымдай көрінесің.
    Сені айтып барлығына мақтанушы ем,
    Бала болып кіргелі менің есім.
    Өткіздім сенде күнін балалықтың,
    Ірілікті бойыңа қарап ұқтым.
    Таулардың ортасында сен тұра бер,
    Мәңгілік белгісіндей даралықтың!
    ӨМІР, СЕНІ СҮЙЕМІН
    Келді біздің далаға гүлді көктем,
    Тамшылатып себелеп нұрды көктен.
    Масатыдай құлпырып көкорай бел,
    Төгіледі мөп-мөлдір жыр жүректен.
    Ғажабына тамсанып таңырқайсың,
    Жаңа көрген жандай боп күнді көктен.
    Бақтан сұлу шыға алмай елжірейсің,
    Қоршаған ортам дейсің  нұрлы неткен!
    Салтанатпен сән құрып кірді көктем!
    Тамылжытып құс біткен сайрап таңға,
    Құлпырып тұр әуезбен жайнап тауда.
    Түнде көл көк аспанмен шағылысып,
    Жұлдызды толқытады Ай батқанда.
    Түрленіп тұр табиғат гүл көмкеріп,
    Көктем келіп босаңсып, іргем кеңіп.
    Барлығы көзге жылы ұшырайды,
    Адамдар да ақжарқын жүрген көріп.
    Ұя басып тау-тасқа құстар біткен,
    Атқарылып жатыр бар іс дәлдікпен.
    Тіршілікке қым-қуыт қарап тұрып,
    Өмір сүргің келеді құштарлықпен.
    Сүйем өлке, тауымды жанымменен,
    Жырыммен аялаймын бәріңді мен.
    Жоғыңды іздеп жүрегім тыншымайды,
    Өмір, сені сүйемін барыңменен!
                           АҚ ЖАҢБЫР
    Дала жатыр құшағын жауынға ашып,
    Мұнартады күн көзі сағым басып.
    Сіркіреп бір ақ жаңбыр құйып өтті,
    Жел ұйытқытқан көшенің шаңын  басып.
    Өткінші қайдан ұзақ болсын қатты,
    Ала бұлттар аспанда тор шырмапты.
    Жерге асығып құлаған мөлдір тамшы,
    Көлшік бетін ұрғылап шоршып жатты.
    Жаңбыр суы жиекпен тыншып ағады,
    Жел бетіңнен қытықтар бір сұғанақ.
    Алыста ақ бұлттардың арасынан,
    Мейірлене қарайды күн сығалап.
    Желкілдетіп жағада жаз құрағын,
    Саймен желіп ағады мәз бұлағың.
    Толқындарын үдетіп толқын қосып,
    Ақ маржанын төгеді жазғы жауын.
    Ақ жауынға жыр жаздым қосып тұнық,
    Жалаң аяқ шалшығын кешіп тұрып.
    Құмарлана жұтамын таза ауасын,
    Тұнығына кеудемді тосып тұрып.
    Мұхтархан ҚАЛИҰЛЫ,
    ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
    Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында 3 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды
    22.04.2026
    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан экологиялық жауапкершілік мәселесіне заңнамалық деңгейде айрықша мән береді»
    22.04.2026
    Мемлекет басшысы: «Жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ, теңгерімді және ынталандырушы сипатта өрбуге тиіс»
    22.04.2026
    Әлем өзгерді, бірақ құқық өзгермеуі тиіс
    22.04.2026
    Президент саммит қатысушыларына ілтипат білдіріп, халықаралық диалог алаңының маңызына тоқталды
    22.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>