⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Ақпан 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    БІЗ СІЗДІ ҮЛГІ ТҰТАМЫЗ!

    04.12.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    БІЗ СІЗДІ ҮЛГІ ТҰТАМЫЗ!
    0
    SHARES
    47
    VIEWS

         Райымбек ауданының Қайнар ауылдық орта мектебінде әйгілі ақын, көрнекті шығыстанушы-ғалым, аудармашы, Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» ордені мен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Райымбек ауданының Құрметті азаматы, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылым­дарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлымен және ақын, Чернобыль ардагері, Қайнар ауылының төл перзенті Ерлан Әбдіхаловпен «Мен сізді үлгі тұта­мын» атты тағылымды кездесу өтті.

    Іс-шараға мектеп мұғалімдері, барлық сыныптың оқушылары және ауыл тұрғындары қатысты. Облыстық білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі бекіт­кен жұмыс жоспарына сәйкес, аудан мектептерінде оқушылардың ғылыми көзқарасын кеңейту, ғылымға қызығушылығын арттыру, отандық әдебиет пен руханиятқа құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында қолға алын­ған шара әсерлі, берері мол болды.
    Хантәңірі өңірі – текті сөздің, терең ойдың, рухани биіктің бастауы. Осы аймақтың әдебиеті мен мәдени мұрасын зерттеп, оның асыл қазынасын бүгінгі ұрпаққа жеткізу тарапында ерекше тер төгіп жүрген көрнекті ғалымдардың бірі – профессор Дүкен Мәсімханұлы. Ғалымның зерттеу бағытының бір саласы осы өңірден шыққан батыр­лардың, ақын-жазушылардың, ойшыл­дар мен тарихи тұлғалардың мұра­сын ғылыми тұрғыда зерделеуге, олардың ұлттық руханияттағы орнын айқындауға бағытталған. Сондықтан бұл кездесу тек танымдық шара ғана емес, ауыл жұртшылығы мен жас буын үшін ерекше тағылымды рухани басқосу ретінде жоғары бағаланды.
    Кездесуде жас ұрпақ туған жердің рухани тамырымен танысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, ғылым мен әдебиетке деген құштар­лықтарын оятуға мүмкіндік алды. Кездесу бары­сында Дүкен Мәсімханұлы оқушы­лардың «Бетпе-бет» жобасы ауқымында еркін сұхбат құрып, олар­дың қойған сұрақтарына шынайы һәм жан-жақты жауап берді. Ғалым ұлттық болмысты сақтау, туған елге қызмет етудің, ғылым жолында табанды болудың, ізденіс пен талмай еңбектенудің маңызын жете түсіндірді. Сонымен қатар ол ел тарихын, жер тарихын терең білу әр азаматтың парызы екенін ерекше атап өтті.
    Профессор бүгінгі ұрпаққа бағыт­талған ой-толғамында «Ел ертеңі – ауылда. Ауылының рухы биік елдің ғана болашағы жарқын» деген мазмұнда ұтымды пікірлерін ортаға салды. Әңгіме барысында Дүкен Мәсімханұлы өзінің жастық шағы, ғылымға алғаш қадам басқан кезеңдері, алғашқы ізденістері, ғылыми зерттеулерінің ерекшеліктері мен өмірлік тәжірибесін мысалға ала отырып, жасөспірімдерге бағыт-бағдар боларлық ойларымен бөлісті. Осы әңгімелер оқушылардың ғылымға деген ықыласын арттырып, оларды биік мақсаттарға ұмтылуға жігерлeндірді.
    Шара барысында оқушылар айтулы ақынның патриоттық бағыттағы өлең­дерін жатқа оқып, шығармалары негізінде шағын сахналық көрініс­тер қойды. Бұл қойылым кездесудің рухани мазмұнын одан сайын байытып, оқушылардың отаншылдық сезімін шыңдаумен қатар, залдағы көрерменнің көзіне жас үйірді.
    Кездесуге осы өңірдің әнші-жыршы, ақындарымен қоса, Алматыдан арнайы ат арылтып келген белгілі ақын, ұстаз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Биғайша Медеуова, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, география ғылымдарының кандидаты, шығыстанушы-ғалым, ақын Қастер Сарқытханұлы, ақын, Чернобыль ардагері Ерлан Әбдіхалов, философия ғылымдарының докторы, белгілі шығыстанушы Айнұр Әбиденқызы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыс­тану факультетінің докторанты, мәдениеттанушы-шығыстанушы Ертай Жомарт сияқты қаламгерлер қатысып, профессордың өмір жолы мен ғылыми еңбектеріне жоғары баға берді.
    Ақын Биғайша Медеуова өз сөзінде: «Ауыл мектебінің әйгілі ақын, көрнекті ғалым Дүкен Мәсімханұлын шақырғанына, сондай-ақ ақынның сана биігі деңгейіне лайық іс-шара өткізе алғанына, сондай-ақ Хантәңіріндей биікке көтерілген тұлғаның ой-пікірін жас буынның қабылдап отырғанына ерекше тәнті болдым», – деді.
    Кездесу соңында оқушылар ғылым, әдебиет, шығармашылық, мамандық таңдау, тұлғалық даму және елге қызмет етуге қатысты түрлі сауалын қойып, құрметті қонақтан тұщымды жауаптар алды. Еркін пікір алаңы оқушылар үшін үлкен мотивация болды. Ақынның жүрекжарды тілектері мен құнды кеңестері оқушыларға ерекше жігер беріп, олардың болашаққа деген сенімін нығайтты.
    Жылы атмосферада өткен бұл басқосу жас буынның рухани өсуіне, елге деген сүйіспеншілігінің артуына айрықша ықпал еткеніне күмән жоқ. Ауыл мектебі – ұлттық рухтың, салт-дәстүрдің, тәрбиенің алтын бесігі. Осындай тағылымды кездесулер оқушы­лардың санасына туған жерге деген сүйіспеншілікті ұялатып, олар­дың бойында отаншылдық және Отан алдында жауапкершілік сезімін қалыптастырары хақ. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды шаралар жалға­сын тауып, жас буынның рухани көкжиегін кеңейтіп, елге қызмет ету жолын­дағы сенімді қадамдардың бастауы болары сөзсіз.
    Шара ұйымдастырушысы, Қайнар ауылдық орта мектебінің директоры Рая Жұмаділқызы кездесуді қорытындылай келе, тағылымды шараны өткеннің аманатын бүгінге жеткізіп, бүгіннің үмітін ертеңге жалғайтын рухани көпір деп бағалады.

    Талдаубек ҚАДЫЛ
    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Бірлік пен келісім идеясын алға шығарады

    Бірлік пен келісім идеясын алға шығарады

    3 weeks ago
    Алматы облысының аумағында жер сілкінді

    Алматы облысында жер сілкінді

    2 years ago
    Волейбол бәсекесі

    Волейбол бәсекесі

    3 months ago
    Көшет отырғызу- көптің ісі

    Көшет отырғызу- көптің ісі

    2 years ago
    Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

    Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>