❄️
-4°C
Қонаев
Бейсенбі, Ақпан 12, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Кітапхана түні

    09.12.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Кітапхана түні
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

         Қонаев қалалық кітапханасында «Кітапхана түні» акциясы аясында «Жарық пен білім түні» атты ерекше форматтағы шара өтті. Мақсаты – кітапхана жұмысы мен тынысын заман өзгерісіне сай дәріптеу, әр жастағы оқырманды кітап әлемімен таныстырып, әдеби ойындар, авторлармен кездесу, квесттер мен шығармашылық байқаулар арқылы оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

    Кеш қонақтарын кітапхана ұжымы түнгі атмосфераға сай ерекше образда қарсы алды. Жұлдызбен безендірілген киімдер, бетперделер, мерекелік шамдар және фото-аймақ кеш сәнін келтірді. Кітапхананың әр бөлімі өзіне тән бағыт бойынша жұмыс жүргізді. Алды­мен шараға қатысушылар кіреберісте орна­ласқан даналық қолшатырындағы тілек кітапшасын қызыға оқып, сыған қызы Азадан болашақ­тарына қатысты болжамдар тыңдап, алғашқы сәттен-ақ шараның қызығына еніп кетті
    Мектеп кітапханашылары «Кітап. Квест. Game» ойынына қатысып, кітап қорымен танысты, логикалық ойлау мен топтық жұмыс арқылы танымдық тапсырмаларды орындады. Ал «Бірге оқиық» клубының мүшелері оқыған шығармалары туралы ойымен бөлісіп, пікір алмасып, заманауи оқырман бейнесін көрсетті.
    Балаларға арналған «Ертегілер еліндегі кітапхана» бөлімінде ертегі кейіпкерлері бейнесіне енген оқушылар сайысқа қатысты. Қиял әлеміне бойлап, біріге жұмыс істеді.
    Кеш барысында ақын Ажар Сұлтанмен өткен «Менің бағытым – биік белес» мотивациялық-шығармашылық кездесуі кештің мазмұнын байытып, жас оқырманға шабыт сыйлады.
    Әр бөлімнің жұмысы аяқталған соң, кештің ресми ашылуында Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Абылайхан Мұстафа шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға жылы лебізін жеткізді. Одан әрі сөз тізгінін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқар­масының маманы Талғат Ақжол мен облыстық орталық әмбебап кітапханасының іс-шаралар бөлімінің қызметкері Данышпан Сұлтанбекова алып, кеш қонақтарына жүрекжарды құттықтауларын арнап, кітапхана ұжымының еңбегіне жоғары баға берді. Ресми құттықтаулардан соң қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Сайысқа қатысқан балалар арасынан үздік үштік анықталып, жеңімпаздарға арнайы қаржылай сыйлықтар табысталды.
    «Түстер еліне саяхат» атты кітаптар шеруі кештің мазмұнын байыта түсті. Кітапханашылар түрлі-түсті киім киіп, сол түске сәйкес келетін кітаптарды таныстырып, көрерменге рухани ләззат сыйлады. Концерттік бағдарламада 2-сынып оқушысы Медина Пірмұхамед «Отан» әнін орындап, талантымен тамсандырды.
    Шара соңында белсенділік танытқан жандарға арнайы марапат табысталып, Қонаев қалалық кітапханасының басшысы Айгүл Ақтанова кешті қоры­тындылады.
    «Жарық пен білім түні» кітапхана оқу ордасы ғана емес, шығармашылық қабілеттерді жетілдіретін, жаңа ізденіс­­терге жол ашатын мүмкіндік мекені екенін дәлелдеген тағылымды шара болды. Қатысушылар ерекше атмосферада білімін ұштап, танымын тереңдетті. Кеш кітапқа деген сүйіспен­шілікті арттырып, оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайтып, ұмытылмас әсер сыйлады.

    Балжан Ергешова,
    Қонаев қалалық кітапханасының қызметкері

    Ұсынымдар

    Алматы облысында мұнай базалары мен жанармай құю бекеттері қауіпсіздік талаптарына сай

    Алматы облысында мұнай базалары мен жанармай құю бекеттері қауіпсіздік талаптарына сай

    3 years ago
    Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты айқын көрініс тапты

    Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты айқын көрініс тапты

    2 years ago
    Қонаев мектептеріне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылды

    Қонаев мектептеріне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылды

    1 year ago
    Қызылшаға қарсы иммунитетті күшейту шаралары жасалып жатыр – ДСМ

    Қызылшаға қарсы иммунитетті күшейту шаралары жасалып жатыр – ДСМ

    2 years ago
    Кім құмартса, өзі көрсін көзімен

    Кім құмартса, өзі көрсін көзімен

    4 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>