⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Сәуір 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Невадан жеткен сәлемдеме

    13.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Невадан жеткен сәлемдеме
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейіне Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласынан сәлемдеме келді. Ақын музейімен ұзақ жыл бойы тығыз байланыста жүрген Санкт-Петербург қаласының тұрғыны Шерхан Әбілов өзінің жеке кітапханасы қорынан бірнеше кітап жіберіпті. РФ Кинематографистер одағының мүшесі, «Ленфильм» киностудиясының әртісі Шерхан Әбдібайұлы сыйға тартқан кітаптармен қоса Жамбыл жайлы жазған мақалаларын да жолдаған.

    Шерхан Әбілов – еліміздің оңтүстік өңіріндегі Кентау қаласында туып-өскен қандасымыз. Өзге елде еңбек етіп жүрсе де, оның отандық музей ісінің дамуына қосқан еңбегі зор. Ол Ресей тарапынан Жамбыл Жабаевқа берілген «Личность Петербурга» медалін 2008 жылы елге жіберуге ықпал еткендердің қатарында болған. Сондай-ақ ол – көрші елдің киногерлері түсірген екі фильмде Жамбылдың рөлін сомдаған кәсіби әртіс. Бұл жолы музейге тапсырған кітаптардың ішінде 1949 жылы шыққан «Девятьсот дней» атты кітаптың алғашқы бетінде «Ленинградтық өренім, Мақтанышым сен едің! Нева өзенін сүйкімді, Бұлағымдай көремін» деп басталатын Жамбылдың әйгілі «Ленинградтық өренім» өлеңі басылған.
    Ресейден жөнелтілген сәлемдемені Алматыдан Ғалымжан Бегімбетов есімді азамат қабылдап алып, Жамбыл ауылына әкеліп, аманаттап тапсырды. Оны Жамбыл музейінің меңгерушісі Салтанат Тезекбайқызы бастаған музей қызметкерлері құрметпен қабыл алып, алғыс білдірді. Жыр алыбына қатысты жәдігерлер қатары осылайша шетелдің баспа өнімдерімен толыға түсті.

    Серік Сатыбалдиев

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы саласындағы ынтымақтастық
    22.04.2026
    Жастар орталығы ашылды
    22.04.2026
    Ел алдындағы есеп
    22.04.2026
    Глава государства подчеркнул недопустимость избирательного подхода в экологических вопросах
    22.04.2026
    Президент призвал к последовательному соблюдению норм Устава ООН
    22.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>