🌫️
5°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Орақ тілді Оразалы

    17.12.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Орақ тілді Оразалы
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

        Іле ауданындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы Мәдениет үйінде облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен айтыстың ақтаңгері Оразалы Досбосыновтың туғанына 50 жыл толуына орай «Орақ тілді Оразалы» атты халықаралық ақындар айтысы өтті. Жыр додасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген айтыскерлермен қатар, бауырлас Қырғыз елінің ақындары да өнер көрсетті.

    Айтулы шараның тізгінін ҚР Мәжіліс депутаты, ақын Аманжол Әлтаев ұстады. ҚР Мәжіліс депутаты, белгілі қаламгер Жанарбек Әшімжан, айтыс ақындары Дәулеткерей Кәпұлы, Айтақын Бұлғақов, Бақыт Жағыпарұлы және Қырғыз Республикасының Халық жазушысы Қайрат Иманалиев жыр жарысына қазылық етті.
    Алғашқы сөзді облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев алды.
    – Құрметті айтыссүйер қауым, жыр дүлдүлі, Алаштың арда ұлы, Құлмамбеттің құлыны, айтыс әлемінің ақиығы, марқұм Оразалы Досбосыновтың 50 жылдығына арналған «Орақ тілді Оразалы» атты халықаралық ақындар айтысына қош келдіңіздер! Сіздерге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің ыстық сәлемін ала келдім. Аймақ басшысының ұйым­дастыруымен өтіп жатқан мерекелі жыр додасының қатысушыларына шыңдай шабыт, ұшқыр ой мен танымды тапқырлық тілеймін, – деді Ғани Айдарұлы.
    Сонымен, айтыстың бас кейіпкер­леріне келер болсақ, алғашқы жұп Мұхтар Ниязов пен Жақсылық Орынбасар, одан кейін Батыржан Кәрібай мен Айбын Жамали, Біржан Байтуов пен Аспанбек Шұғатай, Дидар Қами мен Жансая Мусиналар облыстың ортақ жетістігі мен дамуын, өнеркәсібі өркендеген Іле ауданын тілге тиек етіп, жырға қосты. Батыстың батыл қызы, орақ тілді Жансая Мусина мен Дидар Қами айтыстың нағыз алдаспаны іспеттес жарқ етіп, жиналған жұртшылықтың қошеметіне бөленді. Ерлан Әміровпен айтысқа шыққан қырғыз ақыны Мамбеттокто Мамбеторозо да осал қарсылас болмады. Жетісулық Дидар Өмірәлі мен қырғыздың қылықты жас ақыны Нұрайым Бахтиерқызымен болған сөз сайысы да көрерменге ерекше әсер етті. Жиналған қауымның ыстық ықыласына масаттанған қос ақын бірінің сөзін бірі іліп әкетіп, астарлы ойды әзілмен жеткізді. Ұйқасы ұтымды ақындарға жұртшылық жүрекжарды қошемет білдірді.


    Өткір оймен кестеленген кеш сәнін екінші айналымда Айбын Жамали мен Мұхтар Ниязов кіргізді. Әуелеген дауысын күмбірлеген домбыраға қосып, дүйім жұртты астарлы сөздерімен терең ойға батырды. Өңшең «сен тұр, мен айтайын» деген ақындар тақырыпты салаландырып, бірінің келтірген мысалынан бірі ой өрбітіп, тыңдарманның таңдайын қақтырды.
    Он сағатқа созылған жыр додасы қоры­тындыланған тұста жүргізуші Аманжол Әлтаев өз сөзін тұжырым­дай келе: «Құлмамбеттің құлыны, орақ тілді Оразалыға арналған айтысты биік деңгейде ұйымдастырған Марат Сұлтанғазиев мырза бастаған Алматы облысының азаматтарына барша өнерсүйер қауымның атынан ризашылық білдіреміз! Амандық болса, дәулескер күйші атамыз Нұрғиса Тілендиевтің есімі берілген өнер ордасында әлі талай жыр кештері өткізіледі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ағайын!» – деп жылы лебізін көпшілікке арнады.


    Бұдан соң жеңімпаздарды марапат­тау рәсімі өтті. Арнайы диплом мен 500 мың теңгелік жүлдеге Батыржан Кәрібай, Нұрайым Бахтиерқызы, Ақбота Манарбекқызы, Жақсылық Орынбасар, Дидар Өмірәлі, Біржан Байтуов, Жансая Мусина ие болды. Үшінші дәрежелі диплом мен 700 мың теңгелік сертификатты қызылжарлық Аспанбек Шұғатай мен Дидар Қами алды. Екінші дәрежелі диплом және 900 мың теңгелік сертификатты Шымкент қаласынан Нұрлан Есенқұлов алса, бірінші дәрежелі диплом мен 1 200 000 теңгелік сертификатты Қырғыз Республикасынан келген Мамбеттокто Мамбеторозо мен Мұхтар Ниязов бөлісті. Әділқазылар алқасы бас жүлдеге Алматы облысының жас жыр сүлейі Айбын Жамалиді лайық деп танып, 1 500 000 теңгелік сертификатты табыстады.
    Осылайша, айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың туғанына 50 жыл толуына орай өткен «Орақ тілді Оразалы» атты айтыс өз мәресіне жетті. Ақынға арналған жыр сайысы дәстүрлі түрде ұйымдастырылса деген көпшіліктің ұсынысы бірауыздан қолдау тапты.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    ӨТЕГЕННІҢ ТӨРІНДЕГІ НАУРЫЗ ТОЙ

    ӨТЕГЕННІҢ ТӨРІНДЕГІ НАУРЫЗ ТОЙ

    11 months ago
    Ауыл тұрғындары алаңдаулы

    Ауыл тұрғындары алаңдаулы

    2 years ago
    Эксперты объяснили, почему в Казахстане повышают ставку НДС

    Эксперты объяснили, почему в Казахстане повышают ставку НДС

    1 year ago
    СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: БІРІККЕН ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

    Парламент реформасы: Әйелдердің 30% квотасын сақтап қалу ұсынылды

    1 month ago
    Газет – тарих тамыршысы

    Газет – тарих тамыршысы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>