⛅
6°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қос қуаныш

    29.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Инфрақұрылым
    Қос қуаныш
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Жамбыл ауданының Сұраншы батыр және Жайсаң ауылдарында екі бірдей жаңа денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Жаңажылдық мереке қарсаңында шағын ауыл тұрғындарының қуанышы еселеніп, қос елдімекенде мерекелік көңіл-күй салтанат құрды.
    Нысанның ашылуына облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов, аудан әкімі Нұрлан Ертас қатысып, тұрғындарды шалғай ауылдағы айтулы оқиғамен құттықтады. Сұраншы батыр ауылындағы фельдшерлік-акушерлік қосын тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз ету мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынғанын айтты. ФАП жобасының құны – 288 миллион 284 мың теңге. Құрылыс жұмысы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылып,
    оны «Техно Снаб 2002» ЖШС сапалы орындап шыққан. Аудан әкімі биыл шалғай ауылдарда осындай 16 медициналық нысанның құрылысы жүргізіліп, шетінен пайдалануға беріліп жатқанын айтты. Бұл – ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш әрі маңызды әлеуметтік жетістік екенін атап өтті.
    Салтанатты сәтте құрылысты жүргізген мердігер ұйым «Техноснаб 2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Бақыт Сәкенқызы медициналық қосын фельдшері Раушан Біткенбаеваға нысанның нышан кілтін тапсырды. Ауыл ақсақалы Ерболат ата көпшілікке ақ батасын беріп, әжелер шашу шашты. Лента қию рәсімін жасаған құрметті қонақтар ғимарат ішін аралап көрді. Талап ауылдық округінің орталығы – Сұраншы батыр ауылында 1820 адам тұрады. Жаңа фельдшерлік-акушерлік қосында күніне 15 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік бар. Мұнда дәрігер мен фельдшер жұмыс істейді.
    Аудан орталығынан шалғайдағы Жайсаң ауылының тұрғындары да дәл осындай қуанышқа кенелді. Сол күні онда дәрігерлік амбулатория есігін айқара ашты. Мұндағы салтанатты рәсімге де облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов пен аудан әкімі Нұрлан Ертас қатысып, тұрғындар қуанышымен ортақтасты.
    Бүгінде ауылдағы халық саны 2267 адамды құрайды. Бұған дейін медициналық қызмет ескі мектеп ғимаратында көрсетіліп келген болатын. Енді дәрігер мен фельдшер жаңа нысанда күніне 25 адамға дейін қабылдай алады. Ақсеңгір ауылдық округіне қарасты Жайсаң елдімекенінің тұрғындары енді емшара қабылдау үшін 50 шақырымдай Ұзынағашқа сабылмайтын болды. Қажет жағдайда өз ауылдарынан ашылған су жаңа емдеу орнында ем қабылдайды. Мемлекет ауыл халқына осындай жағдай жасағанына тұрғындар ризашылығын білдіріп, ауыл ақсақалы бата берді. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, жиналғандар мекеме ішін аралап көрді. Мұндағы жаңа нысан да заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, инженерлік желілермен толық қамтамасыз етілген. Медицина қызметкерлеріне жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Дәрігерлік амбулатория жобасының жалпы құны – 293 миллион 636 мың теңге.
    Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын дамыту – елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен халықтың өмір сапасын арттырудың басты кепілі екенін атап өткен болатын. Әсіресе ауыл тұрғындары үшін сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Жамбыл ауданында құрылысы аяқталып, пайдалануға беруге дайындалып жатқан осындай әлі бірнеше нысан бар. Бұл – мемлекет тарапынан ауыл халқының денсаулығын жақсартуға бағытталған нақты қамқорлықтың жарқын көрінісі.
    Қос ауылдағы қуанышқа сондай-ақ облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер ұйымының мүшелері, басқа да лауазым иелері қатысты.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Есер сөзге ермесек екен

    Есер сөзге ермесек екен

    1 year ago
    Ерлікпен пара-пар еңбек

    Ерлікпен пара-пар еңбек

    5 months ago
    ОРТАҚ ТАРИХ

    ОРТАҚ ТАРИХ

    12 months ago
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта бірлескен мәлімдеме жасады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта бірлескен мәлімдеме жасады

    3 months ago
    Мемлекет басшысы Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруноны қабылдады

    Мемлекет басшысы Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруноны қабылдады

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>