-13 °c
Qonaev
Sunday, June 8, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Әкім Шеңгелді ауылдық округінің әлеуметтік нысандарын аралады

    19.07.2023
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Инфрақұрылым, Кәсіпкерлік, Мәдениет, Мемлекеттік қызмет, Өңір тынысы, Саясат, Экология, Экономика, Энергетика
    Әкім Шеңгелді ауылдық округінің әлеуметтік нысандарын аралады

    Фото: alataunews.kz

    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округі аумағындағы бірқатар маңызды нысандарды аралап көріп, аухуалымен танысты.

    Облыс басшысы алдымен Шеңгелді ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барды. Қонақтарды аулада қарсы алған Қонаев қалалық ауруханасының директоры Айман Ғалымжанқызы мен дәрігерлік амбулатория меңгерушісі Гүлдана Ауғанбекқызы емхананың науқастарға қызмет көрсететін бөлмелерін аралатып, мекеменің бүгінгі жай-күйі мен алдағы жоспарлары жайлы сөз қозғады.

    1992 жылдан бері меңгеруші болып қызмет атқарып келе жатқан Гүлдана Ауғанбекқызының айтуынша, жедел жәрдемнің екі бригадасы мен емхана ұжымы қоныстанған 1970 жылы іргесі қаланған ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді. Жобалау сметалық құжаттамасы мен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы дайын. 547 млн теңге қаражат қарастырылған. Емханада 6 дәрігер мен 10-нан астам медбике еңбек етеді. Қалалық емханадан да дәрігерлер кесте бойынша келіп, қызмет көрсетеді. Барлық кабинеттер компьютер және басқа да керекті құрал-жабдықтар орнатылған.

    Одан кейін әкім Шеңгелді ауылындағы Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектепке бас сұғып, тыныс-тіршілімен танысып, қызметкерлерімен аз-кем әңгімелесті. Кітапхана, сынып бөлмелерін және тағы басқа орындарды аралатып көрсетіп жүрген мектеп директоры Назгүл Қалыбекова мектепте асхана жоқ екенін, буфет 16 орынға ғана лайықталғанын, биылғы оқу жылында 400-ге жуық бастауыш сынып оқушыларын мемлекет тарапынан тамақтандыруды ұйымдастырудың машақатымен бетпе-бет келіп отырғанын алға тартты. Назгүл Ергенқызы мұғалімдер бөлмесін асханаға айналдыруға әрекет жасалып жатқанын айтты. Сондай-ақ, қазір қойма есебінде пайдаланылып отырған бұрынғы шеберхананы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу арқылы уақытша асхана ашууға мүмкіндік бар екенін айтып, осы мәселенің оң шешімін табуына ықпал етуін сұрады. Облыс әкімі шеберхана болған бөлмені көріп, қала әкімі мен тиісті сала мамандарына оның уақытша асхана болуы үшін қажетті жағдайларды қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, алдағы уақытта осы ауылға жаңа мектеп салыну керегін шегелеп айтты.

    Келесі кезекте Марат Елеусізұлы №5 сорғы стансысында аялдап, меншік иесінің өтініш-тілектерін тыңдап, жұмыс барысымен және алдағы жоспарларымен танысты. Қала әкімі Нұрлан Құматаев сорғы стансысындағы құрылғылардың ескі екенін, электр энергиясын көп қажет ететіндіктен судың төлемақысы қымбат болып тұрағанын, тұтынушылар тарапынан суға төленген ақының 70 пайызы электр энергиясына жұмсалатынын атап өтті.

    Бұдан соң облыс басшысы Қосқұдық ауылына атбасын бұрды. Бұл ауылдағы әртүрлі өлшемдегі М150 маркалы керамикалық кірпіш шығаратын зауытты жуырда «Компания строй Индустрия» ЖШС сатып алып, жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорын басшысы Азамат Ахманов шығарған өнімді өткізу қиындық тудырып тұрғанын айтып, келешекте жаңа облыс орталығында құрылыс нысандары көбейсе, тұтынушылардың да молайытынынан үмітті екенін жасырмады.

    Әкім одан кейін «Кос Агро Коммерц» ЖШС-ның химиялық өнімдерімен танысты. Мекеме басшысы Александр Кучеренко ауылдағы теміржол тұйықтары мен кірме жолдарды және ғимараттарды пайдаланып отырғанын, тыңайтқыштар мен өсімдік қорғау құралдарының көтерме саудасымен айналысатынын жеткізді. Айтуынша, зауыт химялық өнімдермен жергілікті диқандарды толық қамтамасыз етіп отыр.

    Облыс әкімінің аталған ауылдық округтегі сапары Қосқұдық ауылындағы жаңадан салынып жатқан №9 мектепте аяқталды. «Халық игілгі» қайырымдылық қорының демеушілігімен мердігер мекеме «Жаңа-Кемер құрылыс» ЖШС жаңа мектептің құрылысын аяқтауға таяп қалыпты. Ғимаратты аралап көріп шыққан Марат Сұлтанғазиев мердігер мекеме басшысына қыркүйекке дейін барлық жұмысты бітіруді тапсырды.
    Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Бейсетай Қашақбаев жаңа мектеп салынып жатқаныныа қуанышты екенін айта келе, ауылда мәдениет үйінің жоқтығын, сондықтан ескі мектептің қосалқы ғимараттарының бірін ауылдық клубқа айналдырса деген тілегін білдірді.

    Айжарық Көптілеуов

    Ұсынымдар

    Қонаевта 14,3 мың гектар жер пайдаланылмай жатқаны анықталды

    3 weeks ago
    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    2 years ago
    Кеуде қолқасына жоғары технология көмегімен гибридті ота жасалды

    МӘМС есебінен сәтті ота жасалды

    1 year ago
    Алматы облысында былтыр 1,2 тонна заңсыз ауланған балық тәркіленді

    Алматы облысында былтыр 1,2 тонна заңсыз ауланған балық тәркіленді

    2 months ago
    ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>