🌫️
-1°C
Қонаев
Сенбі, Ақпан 7, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Мұзарт шыңның Мұзбалағы

    06.02.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Мұзарт шыңның Мұзбалағы
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Халық сүйіспеншілігіне бөленген біртуар ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын қазақ кемде-кем. Ақын жүрегін жарып шыққан жалынды жырлар көңіл пернесін дөп басып, жаныңа майдай жағып, сырласуға шақырып тұрады. Осыған орай, облыс әкімдігінің қолдауымен Қарасаз ауылында өткен «Жырлайды жүрек» әдеби-сазды кеші ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухына тағзым етіп, оның мәңгілік мұрасын дәріптеуге арналды.

    Айтулы шарада келген қонақтар ең алдымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев рухына тағзым жасап, ақын бюстіне гүл шоқтарын қойды. Ақын мұражайында оқушылар жырдан шашу шашып, келген қонақтарға экспозицияларды таныстырды.

    Одан кейін жиналған қауым ақын Еркін Ібітанов атындағы Мәдениет үйінде бас қосты. Кештің шымылдығы «Нұрғиса мен Мұқағали» қойылымымен ақынның туған жерге деген сүйіспеншілігін айқындайтын өлеңдерін «Хантәңірі» халық театры әртістері мюзикл жанрында көрермендерге тарту етті.

    Шараға облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, тектінің тұяғы Жұлдыз Мұқағалиұлы  мен келіні Бақытгүл Айдарова, «Мұқағали» журналының бас редакторы Дүйсен Мағлұмов, қоғам қайраткері Тоққожа Естенов, Түрксой Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет және басқа да белгілі қаламгерлер, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

    Алғашқы құттықтау сөзін алған облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев:

    – Қарасаз төрінде бас қосқан қымбатты қауым! Сіздерді қазақ поэзиясының заңғары, руханияттың мәңгілік шырақшысы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай шын жүректен құттықтауға облыс әкімі Марат Елеусізұлының атынан келіп отырмын. Өлеңнің киесі жетелеп, тек облысымыздың тұрғындары емес, Алматы қаласынан ел ағалары келіп отыр. Бәріңізге алғысымды айтамын. Ақиық ақын Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілігін, махаббатын өлеңге айналдырып, миллиондаған оқырманның жүрегін жылытты. Өмірінің соңына дейін жырлаған ақынның шығармашылығы ұлттық әдебиетіміздің  мәңгілік қазынасына  айналды, – дей келе асылдың сынығы Жұлдыз Мұқағалиұлы мен келіні Бақытгүл  Айдарованың иықтарына шапан жауып, сый-құрмет көрсетіп, ықылас гүлін табыстады.

    Сөз кезегін алған ақын Ұлықбек Есдәулет Түрксой Жазушылар одағының Құттықтау хатын оқып, Мұқағали Мақатаевтың әдеби- мемориалды мұражайдың директоры Ерлік Ахметовке табыстай келе, Жұлдыз Мұқағалиұлы мен ақын Батық Мәжитұлын ақын Абай Құнанбаевтың 180 жыл толуына орай, «Хәкім Абай» атындағы алтын медальмен марапаттады.

    Асылдың  сынығы Жұлдыз Мұқағалиұлы мен келіні  Бақытгүл Айдарова  сахна төріне  шығып,  жылы лебіздерін  білдірді.  Кеш барысында «Мұқағали» қорының төрағасы Бақытгүл Айдарова ақын шығармашылығына ерекше сіңірген еңбегі үшін ақын Ұлықбек Есдәулетке «Мұқағали» төсбелгісін табыстады.

    Әдеби-сазды кеш аясында ақжолтай жаңалықтың бірі, облыс әкімінің қолдауымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы «Тәңірқұты» атты естеліктер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітаптың тұсаукесер рәсімін облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, Түрксой Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, қоғам қайраткері Тоққожа Естенов, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай, ақындар Маралтай Райымбекұлы, Бақыт Беделхан, Жұлдыз Мұқағалиұлы жасап, құтты болсын десті.

    Шараның ең тартымды тұсы «Жырлайды жүрек» атты поэтикалық қойылымы болды.

    Бұдан  бөлек, әдеби-сазды кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сәкен Майғазиев, Айгүл Иманбаева, Қуандық Қыстықбаев, театр және кино актері Асан Мәжит, «Қоңыр» тобы, сондай-ақ  Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының әртістерімен өңір өнерпаздары ақын сөзіне жазылған әндерді орындап, кештің сәнін аша түсті.

    Ақын өлеңдерінде көркем сөздің күші ғана емес, жүректен шыққан шынайы сезім, өмірге деген құштарлық бар. Өлмес өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлт перзентінің ұрпаққа ұран болған жырлары жыл өткен сайын  жастармен бірге жаңарып, жыл  өткен сайын кейінгі жаңа толқынмен биіктеп барады.

    Осылайша, мұқым елдің Мұқағалиға деген ілтипат-құрметінің бұрынғыдан жоғары екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Қызыққа толы күндер

    Қызыққа толы күндер

    2 years ago
    Ұлттық құндылықтар ұлтты біріктіреді

    Ұлттық құндылықтар ұлтты біріктіреді

    2 years ago
    Қатердің алдын алу маңызды

    Шомылу маусымы басталғалы 14 адам құтқарылды

    2 years ago
    Жарыққа жауапты

    Жарыққа жауапты

    5 months ago
    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады

    Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>