Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасында 46-шы және 62-
баптардың бастапқы редакциясы негізгі тағайындауларды қайта келісуден
бас тартқан кезде Құрылтайдың таратылуын көздеді. Бұл «Күшті Президент
– ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына сәйкес келмейді.
Осыған байланысты қоғамда, әсіресе, әлеуметтік желілерде және сарапшылар
ортасында Құрылтайды таратудың негіздері қызу талқыланды. Сондықтан
Конституциялық комиссияның кезекті отырысында «AMANAT»
партиясының фракциясы 46-шы және 62-баптың «Президент таратады» деген
тұжырымдамасын «Президент таратуға құқылы» деп өзгертуді ұсынды.
Осының нәтижесінде Құрылтайды жасанды түрде тарату және саяси
дағдарыс мүмкіндігі жойылады.
Мұны Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформа
жөніндегі комиссияның оныншы отырысында айтты. Ұсынылған нақтылау –
бұл жүйені іштен шайқалтудан, оны жасанды түрде жасалған келіспеушілік
арқылы істен шығарудан және елді ұзаққа созылған институционалдық
дағдарысқа тартуға тырысудан сақтандырудың бір түрі. Бұл өзгерістер
реформалар логикасына және Әділетті Қазақстан моделіне сәйкес келеді.
Сондай-ақ Комиссия мүшелеріне 62-баптың екінші тармағына «Президент
ұсынған кандидатураны тағайындаудың» орнына «Президент ұсынған әрбір
кандидатураны тағайындау» деген нақтылау енгізуді ұсынуы да көңілден
шығады. Бұл осы баптағы әркелкіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Сәбетбек ЕРКІНБАЙҰЛЫ,
еңбек ардагері,
облыстың және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы
