⛅
-3°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлы дала үніндей

    14.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Ұлы дала үніндей
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

        Биыл қазақ поэзиясының алып тұлғасы – Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл. Ақын мерейтойы республика көлемінде жыл бойы кеңінен аталып өтеді. Жамбыл ауылындағы Мәдениет үйінде мерейтойлық іс-шаралардың шымылдығы түрілді.

    Жамбыл аудандық білім бөлімінің қолдауымен өнерлі ұстаздар мен мектеп оқушылары дайындаған «Тыңда, дала, Жамбылды!» атты әдеби-сазды кешке ақын-жазушылар, әкімдік қызметкерлері мен мәслихат депутаттары, ауыл тұрғындары келді. Қонақтар алдымен Мәдениет үйінің кіреберісінде Жамбыл музейінен әкеп қойылған көрмені аралап, ақын қолының табы қалған жәдігерлермен танысты. Көрермен залында Ұзынағаш ауылындағы өнер мектебінің оқушылары сахналаған Жамбылдың жастық шағынан қойылым тамашаланды.
    Салтанатты сәтте Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы жиналғандарды жыр алыбының 180 жылдығына арналған мерейтойлық шаралардың басталуымен құттықтап, ұлы ақынның қазақ руханиятындағы орны мен өнегелі өміріне тоқталды. Той шымылдығын жас өнерпаздардың түргенін ризашылықпен атап өтті.
    Көпшілік алдында Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлы­ғының иегері, танымал қаламгер, ардагер-журналист Күмісжан Байжан сөз алып, жүз жасаған абыз ақын өмірінің аңыз болып тараған кейбір сәттерінен тағылымды әңгіме қозғады. Қазақтың қара өлеңін соншалықты биікке көтеріп, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл бабаға деген айрықша құрметін білдірді. Артына асыл қазына, таусылмас інжу-маржан қалдырған ұлы тұлғаның есімін ұлықтау жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше мәнге ие екенін, Ұлы дала үніндей болған Жамбыл жырлары ұлт жадында мәңгі жаңғыра беретінін айтты.
    «Тыңда, дала, Жамбылды!» атты әдеби-сазды кеште қосымша білім беру мекемелерінің өнерлі оқушылары мен ұстаздары көрерменге тамаша көңіл-күй сыйлады. Жанар Ермекбаева, Райхан Жәнібекова, Ерлан Қалмаханұлы басшылық ететін Ұзынағаш пен Жамбыл ауылдарындағы өнер мектептері мен «Жас ұлан» оқушылар үйінің ұжымы шараға тыңғылықты дайындалғанын байқатты. Концерттік бағдарламада Жамбылдың әндері мен күйлері кеңінен орындалып, жырлары жатқа мәнерлеп оқылды, балғын бишілер мың бұрала биледі. Аталған білім ұйымдарының біріккен оркестрі Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы», «Әлқисса» күйлерін, ал жас ақындар Жамбыл мен Құлмамбеттің, Жамбыл мен Айкүмістің айтыстарынан үзінді орындады.
    Жыр алыбына арналған мерейтойлық шаралар аудан мектептерінде жалғасып жатыр.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Адал қызмет ету – ­ абырой

    Адал қызмет ету – ­ абырой

    1 year ago
    Технологиялық әлеуетті нығайтады

    Технологиялық әлеуетті нығайтады

    1 year ago
    Тазалыққа шақырды

    Тазалыққа шақырды

    2 years ago
    АЛАТАУ ҚАЛАСЫ АЛҒАШҚЫ НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

    АЛАТАУ ҚАЛАСЫ АЛҒАШҚЫ НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

    11 months ago
    Жатыр мойны ісігіне жастар да шалдығатын болды

    Жатыр мойны ісігіне жастар да шалдығатын болды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>