⛅
5°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіпорында келелі кеңес өтті

    19.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Лебіз, Саясат
    Кәсіпорында келелі кеңес өтті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Іле ауданы, Боралдай кентіндегі “Гранит-Талес Электроникс” кәсіпорнында облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев пен облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Қазыбек Дауталиев еңбек ұжымымен кездесіп, конституциялық реформаның мән-жайын түсіндірді.

    Боралдай кентіндегі қорғаныс өнеркәсібіне қажетті өнім шығаратын кәсіпорында 400-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Алғаш болып сөз алған облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Қазыбек Дауталиев соңғы жылдары елде жүргізілген саяси жаңғыруларға кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстандағы өзгерістер біртіндеп емес, сапалық серпіліс арқылы жүзеге асып келеді.

    Ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғаннан бері төрт пакет саяси реформалар қабылданғанын, жүзге жуық нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап өтті. Сонымен қатар Ұлттық құрылтай аясында 26 заңнамалық бастама жүзеге асқан. Мұның барлығы, соның ішінде 2022 жылғы конституциялық реформа, жаңа сападағы басты құжаттың қалыптасуына негіз болғанын жеткізді.

    – Мұндағы басты қағида – азамат реформаның нысаны емес, оның қатысушысы болуы. Қоғам Конституцияның авторына айналуы тиіс. Сондықтан жаңартылған негізгі заң жобасын қолдау – елдің болашағы үшін маңызды қадам, – деді ол.

    Келесі кезекте сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғани Айдарұлы ұсынылып отырған өзгерістердің мақсатына тоқталды. Оның айтуынша, түзетулер әділдік, ашықтық және биліктің есептілігі қағидаттарын күшейтіп, азаматтардың шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.

    – Ардақты ағайын, қадірлі қауым! Бүгін біз арнайы келіп, сіздермен жүздесіп отырмыз. Өңірімізде жарты ғасырлық тарихы бар кәсіпорындар көп емес. Сондықтан алдағы маңызды кезең туралы сіздердің ұжымдарыңызбен ой бөлісуді жөн көрдік. Қазір елімізде жаңа Конституция қабылдау мәселесі қаралуда. 15 наурыз күні референдум өтеді. Бұл – әрқайсымызға қатысты, тек бүгін үшін емес, ертеңгі ұрпақ үшін қажет қадам. Сондықтан оны өз құқығымыз деп түсініп, бей-жай қарамай, белсенді қатысуымыз керек. Жаңа Конституция бір-екі айда жазылған құжат емес, жарты жылдан астам уақыт талқыланды. Бұл – жаңару мен алға жылжудың белгісі. Қоғам өзгеріп жатқан кезде заң да заман талабына сай болуы тиіс. Құжатта отбасы құндылығы, тәрбие, азаматтардың қауіпсіздігі, әсіресе цифрлық дәуірдегі қорғаныс мәселелері нақты ескерілген. Сондықтан бәріміз жауапкершілік танытып, тарихи кезеңге бірлікте қадам басайық, – деді ол.

    Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері ұсынылған нормалардың іске асуы мен олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы сұрақтар қойып, нақты жауап алды. Еркін форматта өткен пікір алмасуда өндіріс мамандары да өз ойларын ортаға салды.

    Жиын соңында мұндай кездесулердің қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың пікірін ескеруге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сондай-ақ еңбек адамдары тарапынан референдумды бірауыздан қолдау ғана емес, ел болашағы айқындалатын маңызды кезеңде әр азаматтың ортақ жауапкершілік танытып, өз ойын білдіруі қажет екені де атап өтілді.

    Құралбек СӘБИТОВ,

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Сайлау күні өмірге келген сәбилер

    Сайлау күні өмірге келген сәбилер

    3 years ago
    Қонаевта құдық қақпақтары жиі ұрланады

    Қонаевта құдық қақпақтары жиі ұрланады

    2 years ago
    Алматы облысында «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталады

    “Алатау” өңірлік ипотекалық бағдарламасы таныстырылды

    6 months ago
    Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды

    Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды

    4 weeks ago
    Өшпейтін өнеге

    Өшпейтін өнеге

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>