Перейти к содержимому
Главная страница » Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам балаға қаржылай көмек беріледі

Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам балаға қаржылай көмек беріледі

Қазақстанда халықтың әлеуметтік әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан 400 мыңнан астам балаға мектеп формасы және мектепке қажет керек-жарақтарын алу үшін материалдық көмек беріледі. Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл балаға оқу құралдарын сатып алуға берілетін қаражаттың ең төменгі мөлшері 40 567 теңгені құрайды. Көмек қаражат ата-аналардың банк шотына аударылады.

Оқу-ағарту министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырханның айтуынша, берілген қаражатқан балалар ата-аналарымен бірге мектеп формасы мен аяқ-киім, оқу құралдарын өздері таңдап ала алады.

Мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсету және балаларды 100% қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры жұмыс істейді. «Жалпыға бірдей оқыту» қоры атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетеді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар қаржылай көмек алады. Оның ішінде Абай облысындағы апаттан қаза тапқан орманшылардың балалары бар.