⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Наурыз 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел қуанышы еселенді

    13.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Ел қуанышы еселенді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Іле ауданының Көкқайнар және Береке ауылдарында дәрігерлік амбулатория ашылды. Қос нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлт саулығы – қуатты мемлекеттің кепілі. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі ең алдымен ауылдық жерлердегі медицинаның сапасына байланысты», – деген болатын. Бүгінгі шара – осы стратегиялық бағыттың нақты көрінісі.
    – Алдағы уақытта да халықтың қажеттілігіне қарай жаңа мектептер, медициналық нысандар мен басқа да әлеуметтік инфрақұрылым салу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады. Мұның бәрі мемлекетіміздің әлеуметтік саясатты тұрақты түрде дамытуға басымдық беріп отырғанын көрсетеді. Бүгін ашылып отырған медициналық орталық Көкқайнар тұрғындарының игілігіне қызмет етіп, халық денсаулығын нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін, – деді өз сөзінде Марат Елеусізұлы.


    Бұдан соң ғимарат лентасы қиылып, ауыл тұрғындары жаңадан ашылған амбулаторияның мүмкіндігімен танысты. Жалпы ауданы 448 шаршы метрден асатын мекеме толықтай соңғы технологиялық талаптарға сай жабдықталған. 20 мың тұрғынға қызмет көрсететін нысан күніне 150 адамды қабылдай алады. Мұнда диагностикалық және емдеу процестері заманауи стандарттарға сай ұйымдастырылған. Орталықтағы озық кешендер мен телеметриялық жүйелер ауыл жағдайында жедел әрі нақты диагноз қоюға, тиісті емді кешіктірмей жүргізуге толық мүмкіндік береді. Отызға тарта білікті маманнан тұратын ұжым жалпы практикалық дәрігерлік көмекпен қатар, акушерлік-гинекологиялық және консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетеді.
    Бұдан соң Береке саяжайындағы дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ел игілігіне бағытталған істің халықтың әл-ауқатын арттырудағы нақты қадам екенін атап өтті. Бұл медициналық орталықтар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынғанын, оның мақсаты – ауыл тұрғындарына қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету екенін жеткізді. Осындай бастамалардың нәтижесінде елдімекендердегі әлеуметтік инфрақұрылым біртіндеп жаңарып, тұрғындардың тұрмыс сапасы артып келе жатқанын алға тартты. Осындай игі істің жүзеге асуына үлес қосқан мердігер – «Капитал Строй Проект групп» компаниясына ризашылығымды білдіріп, бұл бірлескен еңбектің нәтижесі екенін айтты.
    Жалпы аумағы 396 шаршы метрден асатын жаңа ғимарат заманауи талаптарға сай толық жабдықталған. Мұнда 26 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетіліп, күніне 150 адам ем-шара қабылдай алады. Медициналық тексеру мен емдеу жұмыстары заманауи стандарттарға сай жүргізіледі. Орнатылған жаңа құрал-жабдықтар дәрігерлерге диагнозды жылдам әрі дәл қоюға, қажетті емді уақытында бастауға мүмкіндік береді.
    Орталықта жалпы дәрігерлік көмектен бөлек, акушерлік-гинекологиялық және кеңес беру-диагностикалық қызметтер көрсетіледі. Ең бастысы, Көкқайнар ауылы мен маңайдағы саяжай тұрғындары енді медициналық көмекті қолайлы жағдайда ала алады. Бұл ауыл халқы үшін үлкен қуаныш, ал саяжай тұрғындары үшін бұрын-соңды болмаған зор игілікті іс болғаны анық.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Іле ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
    13.03.2026
    Жамбыл ауданының Шиен ауылында екі бірдей жаңа нысан пайдалануға берілді
    13.03.2026
    Өрт сөндіру бекеті ашылды
    13.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    13.03.2026
    Ел қуанышы еселенді
    13.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>