☀️
13°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 19, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында «Наурызнама» он күндігінде 300-ден астам шара өтеді 

    17.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    Алматы облысында «Наурызнама» он күндігінде 300-ден астам шара өтеді 
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

    Алматы облысында көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамы биыл өзгеше сипатта ұйымдастырылмақ. Өңірлік бағдарламаға сәйкес, мереке «Наурызнама» атты онкүндік аясында өтеді.

    Жаңашылдықтың өзегі – ұлттық құндылықтарды заманауи технологиялармен үйлестіру. «Digital Nauryz» бастамасы арқылы жасанды интеллект мүмкіндіктері мен цифрлық шешімдер кеңінен қолданылып, мейрам мазмұны жаңа деңгейге көтеріледі.

    Мерекелік кезең Көрісу күнінен басталып, барлық аудан мен қалаларда дәстүрлі рәсімдерге негізделген түрлі мәдени жобалар іске асуда. Жалпы саны 300-ден асатын шаралар легі тұрғындар мен қонақтарға ұсынылады.

    Наурызнама негізінде арнайы бағдарламалар медиа кеңістікте жарияланып, әлеуметтік желілерде танымал тұлғалардың қатысуымен онлайн көрсетілімдер ұйымдастырылады. Қоғамдық орындарда мерекелік безендірулер орнатылып, қала келбеті ерекше нақышқа енеді.

    Сауда орындарында жеңілдіктер акциялары өткізіліп, халық көп жиналатын нүктелерде этноауыл үлгісіндегі алаңдар жасақталады. Онда киіз үйлер тігіліп, естелік суретке түсуге арналған арнайы аймақтар құрылады.

    Қайырымдылық бағытындағы бастамалар да назардан тыс қалмайды. Балаларға арналған сыйлықтар таратылып, қарияларға құрмет көрсетілетін игі шаралар өтеді. Сонымен бірге тұрғын үйлердің аулаларында көршілік байланысты нығайтатын мерекелік кездесулер ұйымдастырылады.

    Табиғатты қорғауға арналған акциялар аясында сенбіліктер өткізіліп, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі, бұлақ көздері тазаланады.

    Ұлттық ойындар мен спорт түрлері де бағдарламаның маңызды бөлігіне айналған. Ат жарысы, көкпар, қыз қуу, күрес және басқа да дәстүрлі сайыстар көрермен назарына ұсынылады.

    Негізгі шара 21 наурызда Қонаев қаласында өтеді. Орталық алаңда ауқымды сахна құрылып, театрландырылған қойылымдар мен танымал әншілердің концерті ұйымдастырылады. Бұл кешке мыңдаған көрермен жиналады деп күтілуде.

    Саябақ аумағында қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық ойындар және тақырыптық аймақтар жұмыс істейді. Солардың қатарында «Face of Nauryz» пен «Жеті қазына» атты цифрлық кеңістіктер бар.

    «Жеті қазына» бөлімінде интерактивті технология арқылы ұлттық мұра мазмұны ерекше форматта ұсынылса, «Face of Nauryz» алаңында келушілердің бейнесі жасанды интеллект көмегімен өңделіп, заманауи стильде ұсынылады.

    Сонымен қатар роботтардың қатысуымен қызықты бағдарламалар ұйымдастырылып, автоматтандырылған аспаздық аймақта ұлттық тағамдар дайындалады.

    Соңғы жаңалықтар

    Шекарашылар сапына қосылды
    19.03.2026
    “Stop Corruption” — адал қоғамға бастар жол!
    19.03.2026
    Казахстан вошёл в топ-40 экономик мира – данные международных аналитиков
    19.03.2026
    Energo University мен ҚР Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімі арасында стратегиялық серіктестік орнады
    19.03.2026
    Ақынның көзін көрген
    19.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>