⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Наурыз 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    Түні де туған жердің алабөтен

    20.03.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Түні де туған жердің алабөтен
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматыда руханияттың шамын маздатып, сөз өнерінің салтанатын сезіндірген тағылымды кеш өтті. Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Асанқадыр Исабектің 50 жас мерейтойына орай «Түні де туған жердің алабөтен» атты поэзиялық кеш өтіп, ақындық арда өнердің айрықша болмысы айшықталды.

    Туған жердің қадірін жүрекпен жырлап, махаббат пен адалдықты қаламына арқау еткен талант иесін ұлықтаған кеште әдебиетсүйер қауым, жалынды жастар мен қаламгердің жақындары бас қосты. Жиналған көпшілік поэзияның мөлдір бұлағынан сусындап, сөздің шынайы құдіретін тағы бір мәрте түйсінді.
    Шара шымылдығы Асанқадыр Исабектің өмір жолы мен шығарма­шылық өрісін қамтыған мазмұнды баяндамамен ашылды. Кеген өңіріндегі Қарқара топырағында дүниеге келген ақын жастайынан жыр мен руханиятқа сусындап, тағдырын сөз өнерімен сабақтастырған. Қаламгер Қазақ ұлттық аграрлық университетінде білім алғанымен, жүрек қалауынан айнымай, әдебиеттен қол үзбей, түрлі салада еңбек ете жүріп, поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған. Еңбек жолын бұқаралық ақпарат саласында бастап, өңірлік басылымдарда тілші болып қызмет атқарған. Оның жырлары «Райымбек», «Жас толқын», «Жетісу жырлайды», «Алматының жүрегіндей Алмалы» секілді жинақтар арқылы оқырманға жол тартып, әдеби ортада жоғары баға берілген. Ал 2008 жылы жарық көрген «Тамырдағы тәтті әуен» атты тұңғыш жыр кітабы оның поэзиядағы дара болмысын айқындап, оқырман ықыласына бөленді. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты атанып, «Жалын» журналының Төлеген Айбергенов атындағы сыйлығын иеленуі – ақын еңбегінің лайықты бағалануының көрінісі. Сонымен қатар ол Райымбек батырдың 300 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасында бас жүлдені иеленген.
    Әдеби кеште туған топырақтың иісін, ұлттық болмыстың тамырын тереңнен тартқан жырлар оқылып, ақын жүрегінің лүпілі сезілді. Мерейтойлық шарада алғашқы құттықтау сөз алған прозашы, Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының жетекшісі Бану Дәулетбаева бүгінгі қоғамда өзін жарнамалауға ұмтылмай, үнсіз ғана ұлт руханиятына қызмет етіп жүрген ақындарға қолдау көрсетудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Аталмыш кеш дәл сондай қаламгерге деген құрметтің белгісі екенін алға тартты.
    – Қазіргі маркетинг дәуірінде өзін көрсетпей, тек өлеңімен өмір сүретін жандар бар. Соларды ұлықтау – біздің парызымыз. Сондықтан осындай шағын болса да шынайы кеш ұйымдастыруды жөн көрдік, – деп жүрекжарды лебізін арнады.
    Кеште Асанқадыр Исабек жырдан шашу шашып, тыңдарманға сырлы өлеңдерін тарту етті. Оның әрбір жолынан туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік пен ұлттық рухтың үні анық сезілді. Әдеби шарада қаламгердің замандастары мен әріптестері де оның шығармашылығына жоғары баға берді. Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жарас Сәрсек қаламгердің әдебиетке деген адалдығын әсерлі әңгімеледі.
    – 2000 жылдары Жазушылар одағында жүргенімде, Асанқадырды маған ақын Маралтай Райымбекұлы таныстырды. Сол кезден бастап оның әр өлеңін, алғашқы қадамдарын бақылап келемін. Мамандығы басқа болса да, әдебиетке деген махаббаты ерекше. Ол – өлең үшін өмір сүретін азамат, – деді. Сондай-ақ ақынның батырлығы мен балуандық болмысын тілге тиек етіп, оның тек қаламгер ғана емес, қайсар тұлға екенін айтты.
    Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы облы­сындағы меншікті тілшісі Ұлбосын Исабек ақын інісіне бауырлық ықыласын білдіріп, бұл кештің Рамазан айымен тұспа-тұс келуін жақсылыққа балады.
    – Бүгінгі әдеби шараның қасиетті аймен қатар дәл туған күніне сай келуі тегіннен-тегін емес. Биігіңнен түспе, жазарың көбейсін, – деп ыстық пейілін жеткізді.
    Асанқадыр Исабектің туынды­ларына ән жазған әуесқой сазгер Думан Әбдірахманов пен дәстүрлі әнші Білімтай Жаңанұрұлының орындауындағы әндер поэзия мен музыканың үйлесімін айшықтап, кештің шырайын келтірді. Ұлттық поэзияның қадір-қасиетін ұлықтаған, рухани құндылықтарды жаңғыртқан тағылымды шара шарапатты өтті. Туған жердің түнін де, күнін де жырға қосқан ақынның мерейтойы алдағы уақытта туған жерінде жалғасады.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Соңғы жаңалықтар

    Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты
    20.03.2026
    Балдай тәтті балмұздақ
    20.03.2026
    Тәні саудың – жаны сау
    20.03.2026
    Жаңаруға бастаған
    20.03.2026
    Ырысы алды – ынтымақ
    20.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>