☀️
22°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    Өрендерді жетелеп өр биікке!

    02.04.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Өрендерді жетелеп өр биікке!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылындағы орта мектепте көп жыл ұстаздықпен шұғылданып, жасөспірімдерге сапалы білім, саналы тәрбие беру ісіне өзіндік үлес қосқан Нілдібай Құтпанбетұлының есімін ел-жұрты құрметпен атап, әрдайым есіне алып, жасаған жақсылық-шарапатын мақтанышпен айтып отырады. Ол Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Днепр бойындағы қанды майданда дұшпандармен жан аямай шайқасты. Соғыстағы ерлігі үшін І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Г.Жуков» медалімен марапатталған. Ал бейбіт өмірдегі жастарды тәрбиелеудегі өнегелі де үлгілі қызметі жоғары бағаланып, «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерін өңіріне жарқыратып таққан-ды. Сондай-ақ Қазақ КСР Оқу ісінің үздігі атанған.
    Балқаш жұртшылығы мен ағайын-туыстары еліне адал қызмет еткен Нілдібай Құтпанбетұлының туғанына 100 жыл толуына орай мерейтойын атап өтіп, дұға бағыштады. Осыған орай майдангердің рухын қайта бір ұлықтауға арналған жыр шумақтарын Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің оқырмандарына ұсынып отырмыз.

    Кіндік кескен Жиделі даласынан,
    Қарабайыл, Құмсуат саласынан,
    Жастайынан өжеттеу өскен ұлан,
    Ерек шыққан көп бала арасынан.
    Қасиет бар Балқаштың құмдарында,
    Дарындылық сыйлайтын ұлдарына.
    Нілдібай да жас еді жарқылдаған,
    Оранғандай жүрегі нұр жалынға.
    Көңіліне серік етіп ордалы ойды,
    Мәртебелі мақсатын алға қойды.
    Бір тиер деп жақсылық шапағаты,
    Жоқшылыққа тарықпай, барға тойды.
    Қыр астынан көргендей отты жарық,
    Ел ішінен шықты ол топты жарып.
    Тапшылықта  өссе де ширақтықпен,
    Бастап кетті тірлікте сәтті жорық.
    Кедергіні, тосқауыл, қамалды алып,
    Сабағын да оқыды жанар талып.
    Қайсарлықты бойдағы жинағанда,
    Білім жолы көрінді оған анық.
    Бақытты өмір адамды тоспақ алдан,
    Жығылайын, жығылсам қоспақ нардан,
    Деген ойға беріліп, білім іздеп,
    Жетегіне ілесті асқақ арман,
    Болашаққа көз тігіп нұрлы үмітпен,
    Білім алып, оқитын күнді күткен,
    Өр ұланның іске асып ақ арманы,
    Араласты тірлікке  дүбірлеткен.
    Сойқан соғыс оты өршіп дүрліктірді,
    Қыл үстінде қалтылдап тірлік тұрды.
    Аттанасың Отанды қорғауға деп.
    Тізіміне майдангер іліктірді.
    Зеңбіректер зіркілдеп жазық маңда,
    Жер бетіне жазықсыз салып таңба,
    Дала жатты көк түтін, сұры қашып,
    Қара түнек жамылды жарық таң да.
    Оза жүріп оқ бойы басқалардан,
    Қанды ұрысқа қаймықпай бастаған жан.
    Отан үшін, елі үшін аянбады ол,
    Жетеледі тек алға асқақ арман.
    Дерті өршіп айықпас кеселдердің,
    Жау жеңілді. Үні өшті есерлердің.
    Төбесіне Берлиннің желбіретіп
    Жеңіс туын тікті ері көшелі елдің.
    Сан халықтың ерлері бірліктерін,
    Тасқын селдей дәлелдеп өрліктерін,
    Медальды да, орденді де тақты төске,
    Майдандағы айғақтап ерліктерін.
    Тар кезеңде көтерген ерен жүкті,
    Нілдекеңдей адамдар ерен мықты.
    Небір тылсым дүние сырын ашып,
    Білімімен танытты тереңдікті.
    Мамандығын кәсіби анықтаған,
    Ұстаздықтан бір сәт те жалықпаған.
    Шәкірттердің алғысын жеткізетін,
    Нәзік жүрек төрінен қалықтап ән.
    Ұрпақтарын жетелеп бал арманға,
    Жас тұнбауын қалады жанарларға.
    Күрсінбеуді тілейтін  қиянатпен,
    Бақыт сыйлап жүретін бар адамға.
    Ұстамы да берік-тін  тас қамалдай,
    Өмір-белес асуын асқан ұдай.
    Мінезі де сыпайы, мейір төккен,
    Тазатұғын ары да ақша қардай,
    Бой жағынан демейсің биік кісі,
    Ой жағынан келгенде ұйық кісі.
    Нілдекең  ғой атанған дәуірінде,
    Ұстаздардың көрнекті иықтысы.
    Көрінгенмен сырттай тұйық кісі,
    Әңгімесін тыңдайтын ұйып кісі.
    Өнегелі ісімен бола білді,
    Не бір жақсы игілік ұйытқысы.
    Бақытты етті, өсірді мерейін де,
    Жүрегімен қалаған сүйікті ісі.
    Сөйлейтін-ді жымия күліп тұрып,
    Қопсытпайтын ешқандай ілікті іліп.
    Құрмет тұтып жүретін елі, жұртын,
    Ніл-ағаға тән еді біліктілік.
    Ұстаз санап замандас жайсаңдары,
    Жүретұғын  асыл ед – жайсаң жаны.
    Тіршілікте  тырбанды қалыс қалмай,
    Қиыннан да кезіккен тайсалмады.
    Ұстаз десті ел ойы озық, тым білікті,
    Атқаратын міндетін тыңғылықты,
    Өрендерді жетелеп өр биікке,
    Қондыратын жүрекке нұрлы үмітті.
    Өмір бойы білімді аңсап өтті,
    – Оқыңдар! – деп ұрпаққа жар сап өтті.
    Ұстаздығын білікті іспен нықтап,
    Сүйсіндірді тамсантып барша көпті.
    Қанықтырып құмарды тылсым сырға,
    Бастап жүрді өз елін нұрлы шыңға.
    Абыройын асырып жұрт алдында,
    Сыр бермеген сабаз ед қырлы сында.
    Шуақ тұнған жан еді жүрегінде,
    Елге арнайтын қылаусыз тілегін де.
    Кере ұстап кеудесін, басын имей
    Жүруші еді алғы топ ілегінде.
    Шарболаттай шыныққан құрыш тарлан,
    Ағайынға-туысқа тыныс болған,
    Қонағын да күтетін жан досындай,
    Дастарқанын жайып сап ырыс толған.
    Қазақ жері кең-байтақ төсіндегі,
    Заманының бассын деп көші ілгері,
    Жан-тәнімен тер төгіп еңбек еткен,
    Адамдардың ұмытылмас есімдері.
    Уақыт деген зымыран, зырлап өтер,
    Аты өшпейтін адамдар мыңға жетер.
    Ұл-қызы бар артында, ұрпағы бар,
    Өшпес ісін мәңгілік жырлап өтер.
    Әли ЫСҚАБАЙ,
    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,           
    Алматы облысының Құрметті азаматы

    Соңғы жаңалықтар

    Жүрегіңе үңіл, өз-өзіңнен есеп ал!
    02.04.2026
    Өрендерді жетелеп өр биікке!
    02.04.2026
    Халық сүйген дәрігер
    02.04.2026
    Саябақ салынады
    01.04.2026
    Татулығы жарасқан
    01.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>