☀️
21°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    Бас Жүлде – «Кеген» халық театрында

    03.04.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Бас Жүлде – «Кеген» халық театрында
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы мен Халықаралық театр күніне орай, Тараз қаласында моноспектакль жанры бойынша республикалық театр фестивалі өтті. Өнер байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен 10 халық театры қатысты.

    Атап айтқанда, Маңғыстау облысының «Ұштаған», Түркістан облысының «Келес», Абай облысының «Ақсуат», Батыс Қазақстан облысының «Тасқала», Қарағанды облысының «Ақтоғай», Қызылорда облысының «Шиелі», Жетісу облысының «Мұқыры», Жамбыл облысының «Мыңбұлақ» пен «Талас», Алматы облысының «Кеген» халық театрлары көрерменге әсерлі қойылым ұсынды. Бұл фестиваль – халық театрларының тәжірибе алмасуына, шығармашылық байланысты нығайтуға және ұлттық сахна өнерін дамытуға бағытталды.
    Аталған байқауда Алматы облысының «Кеген» халық театры Ернат Ысқақтың «Кім жынды?» спектаклін сахналап, сахна мәдениеті, актерлік ойын және қойылымның мазмұндық тереңдігі арқылы көпшіліктің ықыласына бөленді. Әділқазылар алқасының шешімімен фестивальдің ең жоғарғы марапаты – бас жүлде мен 300 000 теңгелік сертификат жеңіп алып, облысымыздың мерейін үстем етті. Бұл жеңіс – ұжымның шығармашылық еңбегінің жемісі ғана емес, сонымен қатар ұлттық өнерді дамыту жолындағы зор жетістік. Осы орайда «Кеген» халық театрының өнерпаздары – Құсайын Дастан, Өмірбек Біржан, Тоқтарбай Дархан мен Кеген ауылының әкімі Ернат Ысқақтың еңбектерін атап өткен жөн.
    «Кеген» халық театры 1968 жылы құрылған. Өнер ұжымы 1968 жылы М.Әуезовтің «Қарагөз», «Еңлік-Кебек» драмаларын сахналап, халық театры деген құрметті атаққа ие болды. 1977 жылы ІІ Бүкілодақтық театр фестивалінде драматург Оралхан Бөкеевтің «Құлыным менің» драмасын қойып, «Кіші алтын» медаль алды. 1987 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында Тәкен Әліпбаевтың «Даладағы дүбір» спектаклін көрерменге ұсынып, Бүкілодақтық ІІІ фестивальдің лауреаты атанды. 2023-2025 жылдары М.Қолғанаттың «Мұғалім», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасын», Б.Жакеевтің «Тағдыр», А.Володиннің «Қоштасқым келмейді», Ш.Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» спектакльдерін сахналап, «Сезім хаттары» атты поэтикалық кешін аудан тұрғындарына ұсынды.
    «Кеген» халық театрының әртістері ауданда өткен мәдени шараларға қатысып, ел ықыласына бөленіп келеді. Алдағы уақытта да өнер ұжымына шығармашылық табыс тілейміз.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Дала төсі дүбірлі
    03.04.2026
    Шаһарды аралады
    03.04.2026
    Белсенділер марапатталды
    03.04.2026
    Бір отбасы үйлі болды
    03.04.2026
    Ауыл арасын жалғаған
    03.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>