⛅
10°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    Қарқарадағы жыр кеші

    18.04.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Қарқарадағы жыр кеші
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақ әдебиетінде, соның ішінде поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасымен танылған жерлестеріміз аз емес. Солардың бірі – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын Асанқадыр Исабек. Жуырда қаламгердің 50 жасқа толған мерейтойына орай, Кеген ауданы Қарқара ауылындағы Мәдениет үйінде «Қойны құт, суы шәрбәт бал Қарқара!» атты шығармашылық кеші өтті.

    Асанқадыр Исабек 1976 жылы Кеген ауданына қарасты Қарқара ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмам­даған. Еңбек жолын 2002 жылы «Заман Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. Бұдан кейін «Ауыл» партия­сының Алматы облыстық филиалында қызмет атқарды. 2008 жылы «Тамырдағы тәтті әуен» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері. Сонымен қатар Райымбек батырдың 300 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйра­сының жеңімпазы.
    Әдеби кешке Кеген ауданы әкімінің аппарат басшысы Қанат Бектенов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Омар Қиқымов, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Ержан Тоқтар, ақынның әдебиеттегі ұстаздары, қаламгерлер, туған-туыстары мен оқырмандар қатысты.
    Қонақтарды Мәдениет үйінің алдында әжелер ән-шашумен қарсы алды. Ауданнан шыққан ақын-жазушылардың кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бабалардың даңққа толы тарихын арқау етіп, өлең сөзбен өлмес ескерткіш соққан Асанқадыр Исабектің «Он алтының ойраны» поэмасын Кеген халық театры әртістері сахналады.
    Аудандық Мәдениет үйінің режиссері Аршын Нұрбақыт кеш тізгінін ұстап, алқалы жиынның шымылдығын мерей­той иесі Асанқадыр Исабек жыр жол­дарымен ашты. Алғашқы құттықтау сөз кезегін алған Кеген ауданы әкімінің аппарат басшысы Қанат Бектенов ақын­ды мерейтойымен құттықтап, аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың Алғыс хатын табыстап, иығына шапан жапты. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғат Тәтібаев, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы, ақын Ержан Тоқтар мерейтой иесіне жүрекжарды тілектерін арнап, сый-сияпатын табыс етті.


    Кеш барысында «Бір қараңғы, бір шуақ» атты ақын кітабының таныс­тырылымы өтті. Жинаққа туған жер, жас­тық шақ, махаббат тақыры­бын­дағы өлең­дерімен қоса, қоғам, шуағы мен қараңғысы қатар жүретін алмағайып өмір сырлары жайлы жүрек толқынысынан туындаған отты жырлары мен поэмалары енген. Қарқара орта мектебінің оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқып, жыр­сүйер жастардың өсіп келе жатқанын дәлелдеді.
    Асанқадыр Исабек елге танымал бір­неше сазгердің әндеріне сөз жазған. Әсіре­се жерлесіміз Думан Әбдірахманов­пен тығыз шығармашық байланыста болып, тамаша туындыларды дүниеге әкелді. Аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Кәдірбек Сүлеймен «Қарқара» әнін орындаса, «Махаббат бер, Тәңірім!», «Ұран шақыру» әнін Думан Әбдірахманов, «Неге асығамды» Қуаныш Қырғызалиев нақышына келтіре шырқап, көпшіліктің қошемет­іне ие болды.
    Өнер зерттеушісі, филология ғылы­мы­­­ның кандидаты, ғалым Сағатбек Медеубекұлы, «Байтақ» партиясы төраға­сының орынбасары Жұмабек Бастаубаев, ұста Махмұт Құлментегі, «Ұлы дала» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғабиден Әділбекұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Омар Қиқымов, ауданның Құрметті азаматы Әлікен Қапалбаев, Қарқара ауылдық округінің әкімі Ернұр Сабырбеков, ақынның әпкесі, журналист Ұлбосын Исабекова құттықтау сөз сөйлеп, Асанқадырдың әкесі Бөрібай ақсақал ақ батасын берді.
    «Туған жерге келіп, ауылдастарымның алдында жыр оқып, бір серпіліп қалдым», – деген ақын Асанқадыр Исабек кешті ұйымдастырушыларға шынайы алғысын білдірді.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық – әр азаматтың міндеті
    18.04.2026
    Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясына тұрғындар мен кәсіпорындар жұмылдырылды
    18.04.2026
    Маңызды мәдени нысанның маңы тазартылды 
    18.04.2026
    Алатау қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті
    18.04.2026
    Ұзақ батырдың шоқпары
    18.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>