-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    ІІМ журналисті тінтудің жай-жапсарын түсіндірді

    15.08.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Өңір тынысы, Саясат, Үкімет
    ІІМ журналисті тінтудің жай-жапсарын түсіндірді

    Фото: Qaz365.kz

    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Ішкі істер министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсенованы полицияның тергеуі кезінде шешіндіріп видеоға түсіндіруге қатысты түсінік берді. Бүгін Астанада Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрақтарына жауап берген ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев тінту Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сай жүргізілгенін айтты.

    «Әңгіме азаматты жеке тінту процедурасы туралы болып отыр. Бұл тергеу әрекеті, оның ішінде техникалық құралдармен видео түсіру Қылмыстық іс жүргізу кодексінің регламентіне сай. Бұл ертең азамат бір затын алып қойды деп айтпауына сенімді болу үшін, құзырлы органдардың арнаулы бөлімшелеріне түскен кезде кейіннен өзіне дене жарақатын салды деп айтпауы үшін жасалады», – деді Марат Қожаев.

    Сонымен қатар ол журналисті Дүйсенованы тінту барысында оның адвокаты қасында болғанын айтты.
    «Бұған қоса, ол жерде тырдай жалаңаш шешіндірді және басқа деп айтуға болмайды. Процедура бойынша бір жынысты адамдар тергейді. Бұл процедура қандай да бір конвенцияны бұзу болып саналмайды, себебі құқық қорғау органдарының заңды іс-әрекеттерімен байланысты қолайсыздықтар мен адамның бастан өткерген сезімдері азаптау және қандай да бір заң бұзу деп есептелмейді», – деді министрдің бірінші орынбасары.

    Марат Қожаев Қылмыстық кодекске сай атқарылатын бұл процедура барлық адамға бірдей екендігін айтты. Сондай-ақ ол полицейлердің іс-әрекетінен прокурорлар мен сот кемшілік а нықтаған жағдайда Ішкі істер министрлігі кешірім сұрауға дайын екенін жеткізді.

    11 тамызда Талдықорғанда жетісулық журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталған еді. Оған Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша адамның жеке өмірі туралы ақпаратты таратты деген күдікке ілінген. Кейін босап шыққан журналист өзін полицейлер бөлімшеде шешіндіріп, видеоға түсіргенін мәлімдеген. Осыған орай Жетісу облыстық Полиция департаменті мәлімдеме жасап, журналисті Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сай тергеу шаралары жүргізілгенін, оған тек әйелдер – тергеуші, криминалист және екі куәгер қатысқанын айтқан.

    Бүгін сонымен қатар Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі де Үкімет жиынынан соң тілшілерге журналист Сандуғаш Дүйсенованы құрметтейтінін және қолдайтынын жеткізді.

    «Құқық қорғау органдарымен байланыста отырмыз. Әріптесіміз Сандуғаш Дүйсенованы жақсы білеміз, оны құрметтейміз әрі қолдаймыз. Оның көмекшісімен және адвокатымен сөйлестік. Адвокаты да барлығы заңға сай болғанын айтты. Біз тергеу процесіне араласа алмаймыз, бірақ оған көмек көрсетуге дайынбыз», – деді министр Дархан Қыдырәлі.

    Сандуғаш Дүйсенованың полицияның өзін тергеу кезінде шешіндіріп видеоға түсірді деген мәлімдемесі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желіде әріптестері оған қолдау білдіріп, араша түскен мәлімдемелер жасады.

    «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры болса журналист Дүйсенованың үстінен қозғалған істің және оны тінту амалдарының қаншалықты заңды екенін тексеруді сұрап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жолдады.

    Ұсынымдар

    Өңірдегі экоахуал тұрақты

    Өңірдегі экоахуал тұрақты

    12 months ago

    Алматы облысы ауызсумен қаншалықты қамтылған?

    4 months ago
    Бұл да өтер…

    Бұл да өтер…

    1 year ago
    Сауда министрлігі 4 айда тұтынушылардың 690,5 млн теңгесін қайта өндірді

    Сауда министрлігі 4 айда тұтынушылардың 690,5 млн теңгесін қайта өндірді

    2 weeks ago
    Мәжіліс депутаты мектеп мұғалімдерімен кездесті

    Мәжіліс депутаты мектеп мұғалімдерімен кездесті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.