☀️
17°C
Қонаев
Сейсенбі, Сәуір 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақ киносының Құлагері: Абдолла Қарсақбаевтың ғасыр тойы басталды

    28.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мерейтой
    Қазақ киносының Құлагері: Абдолла Қарсақбаевтың ғасыр тойы басталды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Бүгін Алматы облысының орталығында қазақ киносының Құлагері, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдық мерейтойының салтанатты ашылу рәсімі өтіп, шымылдығы түрілді. Игі шарада ұлт тағдырын таспалаған тұлғаның мұрасы кеңінен насихатталып, ғұмыр жолы дәріптелді.

    Айтулы кеште зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, кинорежиссердің туыстары мен шәкірттері естеліктерін бөлісті. Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, кинорежиссердің болмысы ел жадында мәңгілік сақталатынын айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді.

    «Абдолла Қарсақбаев – қазақ киносын жаңа биікке көтерген тағдырлы тұлға. Ол «Менің атым – Қожа», «Даладағы қуғын», «Алпамыс мектепке барады» және басқа да көркем фильмдер түсіріп, мәдениетіміздің мәртебесін арттырды. Кейіпкерлердің болмыс-бітімін асқан шеберлікпен көрсете білді. Бұл фильмдердің барлығы қазақ киносының алтын қорына қосылған құнды қазына екені сөзсіз. Сондықтан мемлекетіміз Абдолла Қарсақбаевтың еңбегін әрдайым жоғары бағалайды.

    Дарынды режиссер өз туындыларына қазақы танымды, ұлттық рух пен тәлім-тәрбиені арқау етті, сол арқылы өскелең ұрпақтың дүниетанымын байытуға елеулі үлес қосты.

    Халқымыздың біртуар перзентінің ғасыр тойы ЮНЕСКО аясында аталып өтіп жатыр. Бұл – ұлт тұлғаларының әлемдік деңгейдегі танымалдылығының айқын көрінісі. Қазақстанда да оның есімі халық жадында сақталуы қажет. Осы орайда, бұл жиынның мән-мағынасы зор» – делінген хатта.

    Қазақстанның Халық әртісі, кинорежиссердің шәкірті Досхан Жолжақсынов өнер жолында шырағын жаққан ұстазының өнегелі өмір жолы жайлы сыр шертті.

    «Жазушы Әбіш Кекілбаев: «Уақыттың өлшемі – адамның тағдыры, адамның тағдыры – артына қалған ісі» – дейді. Абдолла Қарсақбаевтың жасаған ісін бір кеште түгендеп шығу мүмкін емес. Бір ғана «Менің атым Қожасы» әлемді дүр сілкіндіріп, бәйгені қанжығасына байлап келгенде, қуанбаған қазақ болмаған шығар деп ойлаймын. Мені де халыққа танытып, бағымды ашқан – Әбекем. Қазір сол сәтті сағынышпен еске аламыз» – деді өнер иесі.

    Концерттік бағдарламада көрермен Абдолла Қарсақбаевтың туындыларына терең бойлап, мәніне үңілді. Ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевпен рухани үндестігі баяндалып, ойлы кино мен мәнді әуеннің үйлесімі жүрекке рухани нәр берді. Рамазан Стамғазы, Нұрлан Өнербай сынды халыққа белгілі тұлғалар ән шырқап, өзге де дарын иелері өнерімен тәнті етті.

    Айта кетейік, Алматы облысының төл перзенті Абдолла Қарсақбаевтың өмірі мен шығармашылығы жыл бойы кеңінен насихатталып, өңіріміздің түкпін-түкпінде айтулы шаралар жалғасын табады. ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп, әлем жұртшылығы қазақ киносының шоқтығы биік туындыларына қанық болады.

    Соңғы жаңалықтар

    Басты назар — адам капиталында
    28.04.2026
    Қазақ киносының Құлагері: Абдолла Қарсақбаевтың ғасыр тойы басталды
    28.04.2026
    Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді
    28.04.2026
    Ауыл аманаты: Алматы облысында ауыл кәсіпкері айына 60 мың кірпіш өндіреді
    28.04.2026
    Шекараның күміс көмей әншісі
    28.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>