⛅
25°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақша әріп таныған

    30.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Қазақша әріп таныған
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Кейінгі кезде мемлекеттік тілді түрлі дәрежеде меңгерген баласын немесе немересін мектеп, балабақшаның қазақ тобы мен сыныбына беретін этнос өкілдерінің саны артып келеді. Соның бірі – Қонаев қаласындағы №2 орта мектептің қазақ сыныбында оқитын Любовь Краснобаева мен Софья Синицына.

    Қызының болашағын тереңнен ойлаған Владимир Краснобаев пен Вероника Синицына қызы Любовь пен үлкен қызы Надеждадан туған немересі Софьяны «Ақдидар» балабақшасының қазақ тобына берген. Өз қызымен бірге мемлекеттік тілді меңгерсін деген ата-анасының игі ниетін жақсы түсінген Надежда Софьяның Любамен бір топта болуына қарсылық танытпаған. Вероника Геннадьевнаның айтуынша, қыздардың қазақшаны үйренуіне балабақшада ол кезде тәрбиеші болған Әйгерім Асқанбаева мен Аида Базарбаева өлшеусіз үлес қосқан. Балабақшаны бітіріп, мектептің қазақ сыныбына құжаттарын тапсырған кезде уайымдағанын да жасырмады. Сабаққа дайындалуы үшін 1-2 сыныпта ғаламтор желісіндегі аудармашының көмегіне жүгінген кездері аз болмапты. 3-сыныптан бастап екі қыз да қосымша көмекті қажетсінбей, үй тапсырмасын өз беттерінше орындайтын дәрежеге жеткен.
    – 2022-2023 оқу жылы қарсаңында 1 «Ә» сыныбына жетекші болып тағайындалдым. Мектеп табалдырығын аттауға ниетті балалардың құжаттарымен танысып отырып, Любовь пен Софьяның аты-жөндерін көргенде таңырқап қалғаным рас. Директордың орынбасары бұл құжаттарды жаңылысып беріп жіберген-ау деген де ой болды. Сұрастыра келе, ата-анасы оларды қазақ сыныбына жаздырып кеткенін білдім. Любовь – өте ақылды, зерек қыз. Үнемі сабаққа дайындалып келеді. Тапсырмаларды өзі толық орындайды. Қазақ тілінде сауатты оқып, жаза алады. Үлгерімі өте жақсы. Мектепішілік, қалалық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Оның әпкесінің қызы Софья да қазақша біледі. Бірақ сәл ұялшақтау, келешекте қазақ тілін толық меңгеріп шығады деген үміттемін, – деді Алмагүл Жестенқызы.
    Люба қалалық «Зерде» ғылыми жоба байқауында 2-орынды иеленіп, республикалық «Білім айнасы» ғылыми-танымдық басылымы ұйымдастырған «Бояулар құпиясы» және «Абай оқулары» байқауларында жеңімпаз атанған. Республикалық «Шабытқа толы әлем» атты байқауда 2-орынды еншілеген. Қонаев қаласындағы «Асыл» шығармашылық орталығындағы вокал үйірмесіне 7 жасынан бері қатысып келеді. Халықаралық көпжанрлы «BEST-STARS-ALMATY» байқау-фестива­лінде, «Алматы облысы жұлдыздар әлемі» атты республикалық балалар мен жастар шығармашылығы байқауында топ жарған. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қаламқас Дәулетқызы Любаны мектеп­ішілік шаралардың барлығына белсене атсалысатынын, әсіресе оның халық әндерін нақышына келтіре орындайтынын ерекше атап өтті.
    Софья түрлі дәрежедегі байқаулар мен білім бәйгелеріне қатысып, жүлделі орындарға ие болған. «Ақбота» зияткерлік олипиадасында 3-орын алған ол жас таланттарды анықтайтын «Балауса» өнер байқауының қалалық кезеңінде үздік өнер көрсетіп, 2-орынды олжалаған. Облыстық және халықаралық байқауда «Сыған» биін орындап, 2-орынға ие болған.
    Сол жылдары балабақшадағы тәрбиешісі болған Аида Базарбаева Любовь пен Софьяның алғашқы кезде қазақшаны түсініңкіремей, орысша-қазақша араластырып сөйлегенімен, кейіннен жақсы меңгергенін, екеуінің де тәртіпті, жауапкершілігі мол екенін айтып берді. Әсіресе Любаның қазақшаны тез үйреніп алғанын, балабақшадағы ертеңгіліктер мен іс-шараларда жүргізуші болып, түрлі байқауларда бақ сынап, жүлделі орындарды еншілегенін тілге тиек етті. Аида Базарбайқызы әлі күнге дейін сынып жетекшісі Алмагүл апайға хабарласып, қыздардың жағдайынан хабардар болып отырады екен. Любаның жетістіктерін мектеп пен жетекшісінің әлеуметтік желілері арқылы куә болған кезде көкірегін қуаныш сезімі кернейтінін және оның болашағы жарқын болатынына сенімді екенін жеткізді.
    – Люба – өте пысық, алғыр, еңбекқор, ұқыпты әрі өз ісіне тиянақты, тапсырманы жауапкершілікпен орындайтын қыз. Ол әрдайым белсенді болды. Жаңа нәрселерді тез меңгеріп, топ ішінде өзін сенімді ұстады. Құрбыларымен тез тіл табысып, кез келген ортада көшбасшылық қасиетін көрсете білді. Ертеңгіліктерде оған зор жауапкершілік жүктелетін. Ол сенім үдесінен шыға білетін. Софья – нәзік, мейірімді, зерек оқушы. Ол – шығармашылыққа жақын, сезімтал. Оның бойынан әдемілікке, тазалыққа деген сүйіспеншілік айқын көрініп тұрады. Люба мен Софьяның әлі талай биіктерден көрінетіне кәміл сенемін, – деп еске алады балабақшада қыздардың тәрбиешісі болған Әйгерім Асқанбаева.
    – Мен қазақшаны «Ақдидар» балабақ­шасында жүргенде үйрене бастадым. Аида мен Әйгерім есімді тәрбиешілер тілді үйренуіме көп көмек көрсетті. 3-сыныпта қазақ тілін толық меңгеріп алдым. Мектептегі Алмагүл апайым сабақты жақсы түсіндіреді. Мені білім сайыстары мен байқауларға қатыстырады. Жүлделі орындар алуымда Алмагүл апайдың еңбегі зор. Мен өскенде Аида мен Әйгерім апайларым сияқты балабақшаның қазақ тобында тәрбиеші болғым келеді, – дейді Любовь Краснобаева.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Соңғы жаңалықтар

    QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады
    30.04.2026
    Қазақша әріп таныған
    30.04.2026
    Этнос басылымдары
    30.04.2026
    Тіл саясатының тиімді бағыттары қандай?
    30.04.2026
    Елдік рухты жырлады
    30.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>