-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Спорт саласының өкілдері марапатталды

    18.08.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Құқық-заң, Мәдениет, Мереке, Өңір тынысы, Спорт
    Спорт саласының өкілдері марапатталды

    Фото: Alatau News

    0
    SHARES
    21
    VIEWS

    Спорт әр адамның өмірінде айрықша орын алады. Мәдениет пен тазалыққа үндейтін дара саланың ел тұрғындарының салауатты өмір салтын сақтауына берген серпіні көп. Ел мерейін асқақтатып, абыройымызды аспандатып, рухымызды жанып, намыс отын жағып, көк туымызды көкте желбіретіп, байрақты бәсекелерде талай елжіретті. Облысымызда спорт саласы қарқынды даму үстінде. Ол әрине, алдымен спортшылар мен жаттықтырушылардың жарқын еңбегінің жемісі. Осы орайда дара саланың саңлақтарына бар жағдай жасалып, оларды әлеуметтік қолдау, материалды тұрғыда қамту, техникалық базаны нығайтып, спорт инфрақұрылымын жетілдіру жолында бірталай жұмыстар атқарылып жатыр. Тамыз айының үшінші жексенбісі – спортшылардың еңбегі еленіп, сый-құрметке бөленетін кәсіби мерекесі. Осыған орай Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтіп, өңіріміздегі спорт саласының саңлақтары марапатталды.
    Салтанатты шараға келген көпшілік алдымен Мәдениет үйінің ауласында садақ ату, асық ату, жеңіл атлетика, каратэ турнирлеріне көз тастап, жас спортшылардың талантына тәнті болды. Әсіресе, «Айсұлу» спорт мектебінің гимнастика шеберлері жиналған жұртшылықтың қошеметіне бөленді. Жаттықтырушылар мен ардагер спортшылар, бапкерлер мен байрақты бәсекелердің жеңімпаздары, спортты жанына серік еткен жастар бір-бірін кәсіби мерекемен құттықтап, мерейін арттырды.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әр сөзінде спорт саласын назардан тыс қалдырған емес. Бұқаралық спорт, балалар спортын, спорт инфрақұрылымын дамытуға баса назар аудару қажеттігін де қадап айтқан. Осы орайда өңірімізде облыс әкімдігінің қолдауымен спорт саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мінберге шығып, құттықтау сөз сөйлеген облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерболат Сарабеков спорт саласындағы жүйелі істерге тоқталып, жетістіктер жайын жеткізді.

    – Баршаңызды Спорт күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, тыңғылықты табыс тілеймін. Облысымызда спортқа тиісті дәрежеде көңіл бөлініп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге лайықты жағдай жасалып жатыр. Өңірімізде жаңа спорттық нысандар бой көтеріп, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан спорт мекемелері бар. Спортшыларды әлеуметтік қолдау, спорт инфрақұрылымын, бұқаралық спортты дамыту, спортшылар резервіне дайындау, жоғарғы жетістікке жету, ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға өздеріңіз куәсіздер, – деп ауқымды шараларға тоқталып өтті.

    Облыста балалар спорты басты назарда. Осы орайда өңірімізде өткен жылдан бері 8 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылып, өз қызметін бастаған. Бүгінгі таңда аталмыш мектептерде 448 жаңа жұмыс орны беріліп, жастарды спортқа баулитын бапкерлер мен жаттықтырушылар жұмысы қарқын алып келеді. Жақын арада Райымбек ауданы, Қызылшекара ауылында 60 орынды спорт кешені пайдалануға берілсе, осы бағытта спорт инфрақұрылымымен дамыту мақсатында тағы да 7 спорт кешені бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жоспар бойынша 2027 жылға дейін өңірде 15 спорт нысандары бой көтермек. Қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау, облыс тұрғындарын дене шынықтыру және спортқа тарту мәселесі бойынша да ақпарат таратқан Ерболат Сарабекұлы биыл аймақта 3000 нан аса бұқаралық спорттық іс-шаралар өткенін айтып, 450000 ға жуық адам тартылғанын жеткізді.

    – Жыл басынан бастап Іле ауданында стенд атудан Әлем кубогы, Қарасай ауданында ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық жарыстар, облыс орталығы Қонаев қаласында қазақ күресінен «Алатау арланы», ашық суда жүзуден «Oceanman» халықаралық жарыстары спорт саласындағы салауатты өмір салтын насихаттау ғана емес, өңірдегі туризм саласының да дамуына өз үлестерін қосты, – деп ауқымды шаралар тізбегін тарқатып, еңбегімен
    ерекшеленген бірқатар спортшыға Мәдениет және спорт министірінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісін тақты.

    Осыдан кейін Ерболат Сарабекұлы Мәдениет және спорт министрінің құрмет грамотасын, облыс әкімінің Құрмет грамотасын, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Құрмет грамотасын, «Спорт саласының үздігі», «Құрметті спорт ардагері» төсбелгілерін ардагерлер мен спорт саласында қажырлы еңбек еткен жандарға табыстады. Спорт саласына баса мән беріп, талай дарынды шәкірттерді шыңдап жүрген мекемелерге де ерекше құрмет көрсетіліп, облыстық дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясы мен Қарасай ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне шағын автобустың кілтін табыс етті. Сондай, ақ облыстық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы жүк көлігінің иегері атанды.

    Келесі болып құттықтау сөз алған жеңіл атлетикадан КСРО спорт шебері, ардагерлер арасындағы Әлем марафонының жеңімпазы, ҚР Құрметті спорт қайраткері Алпыс Ермағамбетов спорт саңлақтарын кәсіби мерекесімен құттықтады.

    – Құрметті спортшылар мейрамдарыңызбен. Сіздерге зор денсаулық, қажымас күш-қайрат, отбасыларыңызға бірлік, береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін. Спорт ұлтымыздың денсаулығы, достықтың символы. Білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Осы орайда облысымыздың спорт шеберлеріне ерекше құрмет көрсетіп, спорт саласын айрықша көңіл бөлген облыстық әкімдікке, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына өз атымнан, халықтың атынан, спортшылар атынан ерекше алғысымды айтамын, – деп жүрекжарды тілегін жеткізді.

    Әсемдік пен сергектік, тазалық пен күш-жігер, ұмтылыс пен жеңісті меңзейтін мерекелік шара «Алатау әуендері» концерттік ұйымының өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты.

    Құралбек Сәбитов,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    «Жайлы мектеп» жайымен танысты

    «Жайлы мектеп» жайымен танысты

    11 months ago
    Өнегелі отбасы өз таңдауын жасады

    Өнегелі отбасы өз таңдауын жасады

    8 months ago
    Мұзарт шыңның Мұзбалағы

    Мұзарт шыңның Мұзбалағы

    4 months ago
    Дарынымен дараланған

    Дарынымен дараланған

    11 months ago
    Николай

    Көкпаршы Николай

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>