⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    «Экософия» кітабының таныстырылымы өтті

    12.05.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    «Экософия» кітабының таныстырылымы өтті
    0
    SHARES
    42
    VIEWS

    Іле ауданының Нұрғиса Тілендиев ауылындағы №26 мектепте оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Экософия» кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық білім беруді дамыту жөніндегі бастамасын қолдау аясында ұйымдастырылды.
    Кездесу барысында кітап мектеп кітапханасына табысталып, оқушыларға экософия ұғымы мен оның маңызы түсіндірілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шарада экологиялық мәселелер, оның ішінде биоалуантүрліліктің азаюы, қоршаған ортаның ластануы және табиғи ресурстардың сарқылуы талқыланды. Арал теңізінің жағдайы нақты мысал ретінде келтірілді.Сонымен қатар халықаралық тәжірибеге назар аударылды. Атап айтқанда, Таиландта 1980-жылдары экософия элементтерін білім беру жүйесіне енгізу қоғамның табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, аң аулауды азайтуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал еткені айтылды. Бұл өз кезегінде экологиялық туризмнің дамуына әсер еткен. Мамандардың пікірінше, экософия қағидалары қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымымен үндеседі. Табиғатты құрметтеу, «Жер-Ана» ұғымы және халықтық тыйымдар осының дәлелі ретінде аталды. Шараға қатысқан «Байтақ» жасылдар партиясының Алматы облысы бойынша төраға орынбасары Елдос Айбеков аталған еңбектің мектептерде экологиялық білім беруді дамытуға ықпал ететін практикалық құрал бола алатынын жеткізді. Оның сөзінше бұл кітап «Отбасы хрестоматиясы» қорының кезекті өнімі – Экософия ғылымына негіздеп құрастырылған Қазақстандағы алғашқы жоба. Мұнда ежелгі түркі дәуірінен басталатын қазақ фольклорының табиғат және жануарлар әлемі туралы қызықты мифтер, аңыздар жинақталған. «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры балаларды қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулуды көздейтін, олардың бойында жалпы киелі табиғатқа жанашыр көзқарасты қалыптастыратын жаңа ғылым саласы – экософия ғылымын дәріптеумен айналысып келеді.
    Таныстырылымнан кейін 9-сынып оқушыларымен бірге мектеп ауласында түлектер аллеясы отырғызылды. Аталған ата «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтті. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған практикалық әрекеттерге тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
    Өз тілшіміз
    Іле ауданы

     

    1 of 2
    - +

    1.

    2.

    Соңғы жаңалықтар

    Жасанды интеллект – білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық мемлекеттік басымдығы
    12.05.2026
    Стратегиялық серпіліс: Жасанды интеллект – сапалы білімге тең қолжетімділіктің жаңа мүмкіндігі
    12.05.2026
    В Мангистау нашли следы древнего города, связанного с Римом и Китаем
    12.05.2026
    Қорғаныс министрлігі Халықаралық дзюдо федерациясымен меморандумға қол қойды
    12.05.2026
    «Экософия» кітабының таныстырылымы өтті
    12.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>