☀️
17°C
Қонаев
Сенбі, Мамыр 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Тұлғаларға тағзым

    16.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Тұлғаларға тағзым
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жамбыл ауданында «Мәңгілік тұлғалар» атты халықаралық музейлер фестивалі өтті. Жыр алыбы Жамбылдың 180 жылдығы мен Халықаралық музейлер күніне арналған шараға еліміздегі облыстардан 8 және Қырғызстаннан 1 тұлғалар музейі қатысты. Сондай-ақ Көкшетаудан Мәлік Ғабдуллин және Ақтөбеден Әлия Молдағұлова музейлері қонақ ретінде келді.

    Жамбыл ауылындағы Ж.Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде өткен фестиваль аясында музейлердегі құнды жәдігерлерден көрме ұйымдастырылып, келушілер назарына ұсынылды. Салтанатты шараның ашылу рәсімінде Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Тұматаев құттықтау сөз сөйлеп, Сүйінбай мен Жамбылдай жыр дүлдүлдері туған киелі өңірге келген қонақтарға алғыс білдірді. Ол бүгінде ақындар мен батырлар мекенінде жүзеге асып жатқан рухани-мәдени шараларға тоқталды.
    Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім меңгерушісі Абзал Суфисламов еліміздің бірегей тұлғаларының есімін иеленген музейлердің Жамбыл жерінде бас қосып, тарихтан сыр шертер мәдени ошақтар жұмысының насихатталуы – ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың жарқын көрінісі екенін тілге тиек етті.
    Фестиваль үш кезеңде өтті. Тұлғалар ­музей­і­нің өкілдері театрландырылған қойылым арқылы тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметінен үзінді ұсынып, ұлтқа сіңірген еңбектерін ашып көрсетті.
    Фестиваль қорытынды­сында Бас жүлдені Сәкен Сейфуллин музейі жеңіп алды. Бірінші орын Қырғыз еліндегі Тоқтағұл Сатылғанов музейіне берілді. Жетісудағы Ілияс Жансүгіров музейі екінші, Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов музейі үшінші орынды алды. Ал «Үздік экспозиция» номинациясымен Ғали Орманов музейі марапат­талды. Сол сияқты «Үздік стенография» және «Үздік образ» аталымы бойынша «Абылай хан» резиденциясы, Кенен Әзірбаев және Мұхтар Әуезов музейлері жүлдегер атанды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ел құрметтеген ел ағасы
    16.05.2026
    Тұлғаларға тағзым
    16.05.2026
    ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
    16.05.2026
    Өркениет бастауы
    16.05.2026
    Ән қанатында
    16.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>