Перейти к содержимому
Главная страница » Жылдамдық пен төзімділік бәсекесі

Жылдамдық пен төзімділік бәсекесі

    Отандастарымыз біз үшін бұрын бейім болмаған спорт түрлерін бағындыруда. Қарасай ауданында өткен алғашқы ауқымды экстремалды эндуро фестивалі — Moto Extreme Kargaly осының куәсі деуге болады.

    30 мамыр күні Қарасай ауданының Қайнар ауылындағы Қарғалы тауында дүбірлі дода жұртшылықтың назарын өзіне аударған. Бірінші рет ұйымдастырылған айтулы шараға Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Бексұлтан Ақылбек қатысып, фестиваль қонақтары мен спортшыларға сәттілік тіледі.

    Қазақстандағы алғашқы ірі экстремалды эндуро жарысы ретінде өткен фестиваль еліміздегі қатерлі мотоспорт мәдениетін дамытуға бағытталғаны анық. Ауқымды шараға еліміздің әр шалғайынан келген 200-ден астам спортшы қатысып, кәсіби және әуесқой санаттары бойынша тау, батпақ, жыра және күрделі табиғи кедергілерден тұратын арнайы трассада бақ сынады.

    Фестиваль бағдарламасы жарыспен ғана шектелмей, келушілер үшін музыкалық шоу, DJ сеттер, фудкорт аймақтары, демеушілердің арнайы белсенділіктері, интерактивті ойындар мен ұтыс ойындары ұйымдастырылды. Сондай-ақ іс-шара барысында тікелей эфир жүргізіліп, арнайы медиа-контент дайындалды. Күні бойы жалғасқан тартысты бәсекенің қорытындысында үздік спортшылар анықталып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Кешкі бағдарлама концерттік қойылымдармен жалғасты.

   Мотокросс жарысына барлығы 145 спортшы қатысты. Оның ішінде: 15 спортшы Қырғызстаннан; 5 спортшы Қытайдан; қалған қатысушылар Қазақстанның әртүрлі қалалары мен өңірлерінен келді. «Хард» санаты (кәсіби спортшылар арасында) бойынша 80 спортшы бақ сынасқан. Жүлделі орындарға: Закир Халназаров — Қазақстан, Алматы облысы, Талғар қаласы. Руслан Болтунов — Қазақстан, Алматы қаласы. Кавеленко Юрий — Қазақстан, Алматы қаласы жайғасты. «Лайт» санаты (әуесқой спортшылар арасында) бойынша  55 спортшы топқа түскен. Жүлделі орындар: Ше Шушан — Қытай. Дәулетбек Асанов — Қырғызстан. Айтуар Жолдасбаев  — Қазақстан, Алматы облысы, Талғар қаласы. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің шеберлігі мен спорттық дайындығын көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

   Фестиваль бағдарламасы жарыспен ғана шектелмей, келушілер үшін музыкалық шоу, DJ сеттер, фудкорт аймақтары, демеушілердің арнайы белсенділіктері, интерактивті ойындар мен ұтыс ойындары ұйымдастырылды. Сондай-ақ іс-шара барысында тікелей эфир жүргізіліп, арнайы медиа-контент дайындалды. Күні бойы жалғасқан тартысты бәсекенің қорытындысында үздік спортшылар анықталып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Кешкі бағдарлама концерттік қойылымдармен жалғасты.

     Ұйымдастырушылардың айтуынша, Moto Extreme Kargaly фестивалі экстремалды спорт индустриясын дамытуға арналған жаңа алаң ретінде мотоспорт әуесқойларын, белсенді өмір салтын ұстанатын жастарды және экстремалды спорт жанкүйерлерін бір ортаға біріктірді. Moto Extreme Kargaly — бұл тек жарыс қана емес, бұл жылдамдықтың, төзімділіктің және нағыз экстремал рухының мерекесі.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Қарасай ауданы