Мемлекет басшысы медицина саласын дамытуға әрдайым баса назар аударып келеді. Қазір де осы бағытта ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Бұл тұрғыда «Заң мен тәртіп» қағидаты денсаулық сақтау жүйесінде де ерекше маңызға ие.
Осы орайда, Кеген аудандық ауруханасында жұмыс атқаратын дәрігерлер «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында бас қосты.
Кездесудің негізгі мақсаты — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Әділетті Қазақстан» идеясын дәріптеу және медицина мамандарының азаматтық жауапкершілігін арттыру.
Сондай-ақ, «Заң мен тәртіп» аясында Кеген аудандық аурухананың бас мейірбикесі Жадыра Омарова сөз сөйлеп, медицинадағы әділ шешім мен кәсіби этиканың маңызын атап өтіп, медициналық заңнама талаптарын түсіндірді.
Жиын барысында әділдік пен жауапкершілік, кәсіби біліктілік, заң мен тәртіп аясында сөз қозғалып, мамандар қоғамдағы қауіпсіздік пен заң үстемдігінің рөліне тоқталды.
Заң мен тәртіп бар жерде әділдік, бейбіт өмір мен қауіпсіздік орнайды. Сондықтан әр азамат заңды құрметтеп, өз іс-әрекетіне жауапты болуы қажет.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы
