«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алатау қаласының Жетіген ықшам ауданындағы Жетісу және Әуезов көшелерінде кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара Алматы облыстық «Қоғамдық келісім және даму орталығының» Алатау қаласы бойынша жетекшісі Сембиев Ғабит Ибайдуллаұлының ұйымдастыруымен өтті.
Сенбілік барысында Жетісу және Әуезов көшелерінің бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жол жиектері ретке келтірілді, арамшөптер шабылып, аумақтың санитарлық жағдайы жақсартылды.
Мұндай экологиялық шаралар тұрғындардың табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыптастырып, заң мен тәртіп қағидатын нығайтуға, қоғамдық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Әрбір тұрғынның туған қаласының тазалығы мен көркеюіне қосқан үлесі – ортақ игілікке қосылған маңызды қадам.
Таза қала – ортақ жауапкершілік!
