Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – еліміздің тарихындағы аса маңызды кезең екенін атап өтіп, барша қазақстандықтарды осы тарихи оқиғамен шын жүректен құттықтады. Енді еліміз жаңа белеске көтеріліп, ел дамуының жаңа дәуірі басталады.
Президент атап өткендей, біз саяси жаңғыру, экономикалық серпіліс және ауқымды өзгерістер жолына нық қадам басып отырмыз. Халықтың ерік-жігері мен мүддесіне негізделген жаңа Конституция – еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің берік құқықтық тірегі. Осы негізге сүйене отырып, біз алға қойған мақсатқа жетіп, әділеттілік пен тең мүмкіндіктерге негізделген қоғам құра аламыз.
Бірлігі жарасқан, ынтымағы бекем ел ретінде әлемдік өркениет көшінен лайықты орын алып, әрбір азаматтың әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін, болашаққа сеніммен қарайтын мемлекет – Әділетті Қазақстанды бірге қалыптастырамыз.
Қазақстанның жаңа даму жолы халқымыздың бірлігі мен ортақ еңбегі арқылы биік жетістіктерге жеткізетініне кәміл сенемін.
Бибінұр Ыбырайжанова,
Қазақстанның Құрметті кітапханашысы,
Жамбыл ауданы


