Перейти к содержимому
Главная страница » ҰЖЫМЫ ЕҢБЕГІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

ҰЖЫМЫ ЕҢБЕГІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

Жаһандық көзқарас және тұрақты даму: кітапханалардың болашақты құрудағы рөлі»
Көкшетау қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жаһандық көзқарас және тұрақты даму: кітапханалардың болашақты құрудағы рөлі» тақырыбында Қазақстан Кітапханалар одағының кезекті көшпелі отырысы өтті.
Салтанатты жиында Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Айзада Құрманова, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова және Ұлттық кітапхана директоры, Қазақстан Кітапханалар одағының төрағасы Ғазиза Нұрғалиева құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана ісін дамытудың басым бағыттарына тоқталды.
Жиын барысында Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құру, «Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісі және кітап басып шығару туралы» Заң жобасын әзірлеу, «Жылдың үздік 10 оқырманы» республикалық жобасын іске асыру, оқу мәдениетін дамыту саласындағы Ұлттық сыйлықты тағайындау және 2027-2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Осы жиында Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының басшысы Ғалия Тоқабаеваға республикалық «Жыл кітапханашысы – 2026» марапаты табысталды. Бұл – облыстық кітапхана ұжымының қажырлы еңбегінің жоғары бағалануы.