Қасиетті Қарасаз ауылының Еркін Ібітанов атындағы Мәдениет үйінде ақын Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған ІІ Республикалық оқушылар айтысы түс ауа қайта жалғасты.
Жартылай финалға сегіз ақын, яғни төрт жұп жолдама алды.
Облысымыздың әр өңірінен келіп, жырларын ақ жаңбырша төккен 16 ақын түске дейін көрерменге ерекше айтыс үлгісін көрсетті. Суырып салма ақындар ойларын іркілмей, ашық жеткізді.
Талантты жас ақындар Нарынқол төрінде Оразалы шайырды еске алып, елдік мүдде, ұлттық рух, еңбек адамдарының мәртебесі, тарихи тұлғалар мұрасы сынды тақырыптарды жырға арқау етті. Аламанды айтыскер ақын Бақыт Жағыпарұлы жүргізді. Ал айтыстың сарапшысы – ақын Айбек Ережеп.
Айтыс әлі де жалғасуда.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Райымбек ауданы


