Перейти к содержимому
Главная страница » Өнердің өрісі кеңейген тағылымды күн

Өнердің өрісі кеңейген тағылымды күн

Тарихы тағылымды Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған игі іс шаралар басталды. Торқалы тойдың бастамасы қасиетті Қарасаз ауылындағы жерлесіміз, ақын Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған республикалық айтыспен басталды.

Ауданның 90 жылдық мерейтойы аясында қазақ айтыс өнерінің жарық жұлдызы, дара дарын Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған «Құлмамбеттің құлынын құндақтаған өлке» атты II республикалық оқушылар айтысы өз бастауын алды.

Бұл дүбірлі дода – жас ақындардың сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін шыңдап, ұлттық рухты дәріптейтін, бабалар мұрасын келер ұрпаққа жалғайтын тағылымды алаң. Еліміздің әр өңірінен келген жас айтыскерлер қасиетті Райымбек жерінде бас қосып, суырыпсалмалық өнердің көрігін қыздыруда.

Айтыс – халқымыздың рухани қазынасы. Ал Оразәлі Досбосыновтың жарқын мұрасы жас буынға әрдайым шабыт беріп, ұлттық өнердің шамшырағы болып қала береді.

Барша қатысушыларға сәттілік, ал көрерменге ұмытылмас әсер тілейміз!