Перейти к содержимому
Главная страница » Адал қызмет – ел сенімі

Адал қызмет – ел сенімі

Кеген ауданы «Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып саналады. Осы мақсатта заңнамалық негіздер жетілдіріліп, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына ерекше көңіл бөлінуде. Әрбір мемлекеттік қызметші адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алып, заң талаптарын қатаң сақтап, халық сенімін ақтауы тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар және оларға теңестірілген адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет – жеке пайда табу құралы емес, елге және халыққа қызмет етудің үлкен жауапкершілігі. Заңды сақтау – әділетті қоғамның берік негізі. Бұл тұрғыда мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап та, оларға артылатын жүктеме де, сенім де өсіп келеді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосуы қажет. Әсіресе жастар арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын насихаттау маңызды.
– Әкімшілік қызметкерлері де өз жұмыстарында заңдылықты, ашықтықты және кәсіби әдептілікті қатаң сақтауы тиіс. Қызметтік міндеттерді адал атқару, азаматтардың өтініштеріне әділ қарау және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті, – дейді Кеген ауданы Шырғанақ ауылдық округінің әкімі Руслан Уәлиұлы.
Қорытындылай келгенде, сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіретін теріс құбылыс. Онымен күресу үшін әрбір азаматтың құқықтық мәдениеті жоғары болуы, заң талаптарын бұлжытпай орындауы және жемқорлыққа қарсы берік ұстаным қалыптастыруы қажет. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана әділетті, ашық және дамыған қоғам құра аламыз.
Мемлекеттік қызметшілер түсіндіру жұмыстарынан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті бірге қалыптастыруды уағдаласты. Адал қызмет – ел сенімі!

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы