-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауа-райы

    Ауа тазалығы басты назарда

    18.09.2023
    in Ауа-райы, Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Все новости, Денсаулық, Жоғары технология, Инфрақұрылым, Құқық-заң, Өңір тынысы, Экология, Экономика, Энергетика
    Ауа тазалығы басты назарда
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

    Өнеркәсіптік өндіріс орындары ауаның ластануына өз әсерін тигізетіні анық. Әсіресе, металлургия, машина жасау, энергетика және мұнай өңдеу зауыттарының зияны шаш етектен. Осы орайда өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту үшін түрлі экологиялық іс-шаралар өтіп, табиғатты қорғаудың жүйелі жоспары әзірленген. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аймақтағы экологиялық ахуал айтылып, табиғатты қорғауға арналған жұмыстар жайы тарқатылды.
    Брифинг спикері, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Молдахметов өңірдегі өндіріс орындарында ауа сапасын жақсартуға арналған жұмыстарды тілге тиек етті. жіпке тізді. Алдымен, ҚР Экологиялық кодексінің 96-бабы 1-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар кешенін таныстырып, барлық іс-жоспар мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың қаражаты, ҚР заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы кешенді жоспар жүзеге асып, экологиялық қауіпсіздік қарастырылғанын айтты. Бақытжан Молдахметов «АлЭС» АҚ табиғатты қорғау қызметі жөнінде ақпарат тарқатып, жылу электр орталығының негізгі қызметін де сөз етті.
    – «АлЭС» АҚ қоршаған ортаны қорғау саласындағы басым инвестициялық жобаларды тартуға және іске асыруға ұдайы назар аударады. Бұл саладағы басым бағыттар тазарту құрылыстарын жарақтандыру. Атмосфералық ауаға шығарындыларды 30%-ға азайтуға мүмкіндік беретін азотты басу үшін оттық құрылғылар орнатылған. Жыл сайын қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын жүзеге асыру шеңберінде орталықтың қазандық агрегаттарындағы күл жинау құрылғыларын тазалау дәрежесін сақтау, қазандық қондырғысының оттықтарын жөндеу, қазандықтағы турбиналық сорғы жабдықтарын жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Химиялық цехтар, судың жоғалуын азайту бойынша да аймақта бірқатар шаруалар атқарылды, – деп айтып өтті.
    Бүгінгі таңда қоршаған ортаға түсетін салмақты айтарлықтай азайту мақсатында көгілдір отын жағатын станса салынбақ. Бұл жобаны жүзеге асыру күкірт диоксиді мен көмір күлін жойып, зиянды шығарындыларды 88%-ға азайтпақ. ҚР экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық заңнамасының талаптарын орындау үшін «АлЭС» АҚ-да қалдықтарды бөлек жинау жүйесі де енгізілген. Өндірістік бөлімшелерде өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау үшін жеке учаскелер пайдалануға берілген.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Халықтық штаб мүшелері “Орман шарашылығы” ұжымымен кездесті

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АҚ ХАЛАТТЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    8 months ago
    Қазақстандағы алғашқы ұшқыр бәйге жарысы Алматы облысында өтті

    Қазақстандағы алғашқы ұшқыр бәйге жарысы Алматы облысында өтті

    2 years ago
    ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ

    САНАДАҒЫ БЕТБҰРЫС САПАЛЫ ӨЗГЕРІСКЕ ӘКЕЛЕДІ

    9 months ago
    Ана жолын жалғаған

    Ана жолын жалғаған

    3 months ago
    Білім нысандарын аралады

    Білім нысандарын аралады

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.