Цифрлық технологиялардың дамуына байланысты интернет алаяқтық мәселесі де өзекті болып отыр. Әлеуметтік желілер мен түрлі онлайн платформалар арқылы азаматтарды алдау, жалған инвестициялық жобаларға тарту, банк картасы мен жеке мәліметтерді иемдену жағдайлары кездеседі. Сондықтан Іле ауданы тұрғындарына күмәнді сілтемелерге өтпеу, банк картасының деректерін бөгде адамдарға бермеу, бейтаныс қоңырауларға сақтықпен қарау және қаржылық пирамидалардан аулақ болу жөнінде түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізудің маңызы зор.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

