Қоғамда әр адамның өз құқығы мен еркіндігі бар. Бірақ жеке еркіндік басқа адамның құқығы басталған жерде шектелетінін түсіну маңызды. Қоғамдық орында дауыс көтеру, өзгенің тыныштығын бұзу немесе адамның жеке кеңістігіне құрметсіздікпен қарау адамдар арасында келіспеушілік туғызуы мүмкін. Біреудің пікірін қабылдамауға болады, алайда оның адамдық қадір-қасиетін төмендетуге жол бермеу қажет. Өзара сыйластық қоғамдық мәдениеттің негізгі белгілерінің бірі.
Адам өз құқығын талап ете отырып, өзгелердің де құқығын қорғауы тиіс. Осы тепе-теңдік сақталған кезде қоғамда түсіністік қалыптасады. Бөтеннің құқығын сыйлау – заң талаптарын орындаудың ғана емес, жоғары азаматтық мәдениеттің де белгісі.
Құралбек СӘБИТОВ

