Біреудің мүлкін рұқсатсыз иемдену немесе бүлдіру жеке адамға ғана емес, қоғамдағы сенімге де зиян келтіреді. Сондықтан меншік құқығын құрметтеу – құқықтық мәдениеттің маңызды бөлігі. Әр азамат өзгенің мүлкіне ұқыпты қарауы керек. Бұл қағида жеке заттарға ғана емес, қоғамдық орындардағы ортақ мүлікке де қатысты. Ауладағы орындықты сындыру, балалар алаңын бүлдіру немесе қоғамдық нысандарға зиян келтірудің зардабы кейін барлық тұрғынға тиеді.
Балаларға да бөтен затқа рұқсатсыз қол сұқпау керектігін ерте түсіндіру маңызды. Тәртіп пен адалдықтың негізі осындай қарапайым әдеттерден қалыптасады. Мүлікті қорғау – тек полицияның міндеті емес. Әр адам өзіне тиесілі дүниені сақтаумен қатар, өзгелердің меншігіне де құрметпен қарауы қажет.
Құралбек СӘБИТОВ

