Перейти к содержимому
Главная страница » Білімді жас — ел болашағы

Білімді жас — ел болашағы

Адамның күнделікті әдеті оның өмір салтына тікелей әсер етеді. Сондықтан жастардың бос уақытын қалай өткізетініне назар аудару құқық бұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Спорт, кітап оқу, өнер, кәсіп үйрену немесе қоғамдық жұмыстарға қатысу адамның өзін дамытуына мүмкіндік береді. Пайдалы іспен айналысқан адамның теріс әрекетке уақыт бөлу ықтималдығы да азаяды. Керісінше, бос уақыттың бақылаусыз өтуі кейде жасөспірімді күмәнді ортаға алып баруы мүмкін. Сондықтан ата-ана мен білім беру ұйымдары жастарға таңдау жасауға мүмкіндік беретін орта қалыптастырғаны жөн.
Дұрыс әдет бір күнде қалыптаспайды. Ол тұрақты әрекет арқылы орнығады. Жастарға дұрыс бағыт беру – қылмыстың салдарымен күресуден бұрын оның себептерін азайтудың тиімді жолы.

Құралбек СӘБИТОВ