Жол үстінде бірнеше минут үнемдеу үшін ережені бұзу ешқашан ақталмайды. Себебі көлік қозғалысында жүргізушінің бір ғана қателігі бірнеше адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, жол белгілерін елемеу немесе көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдау – қауіпті әрекеттер. Жүргізуші жол жағдайына қарай жылдамдықты дұрыс таңдап, өзге көлік пен жаяу жүргіншілердің әрекетін де ескергені жөн.
Жолда асықпай, сабырмен қозғалу – жүргізушінің шеберлігінің белгісі. Нағыз мәдениет жылдам жүрумен емес, қауіпсіз жеткізумен өлшенеді. Жол ережесін сақтау – айыппұлдан қорқу емес, адам өмірін бағалау. Әр жүргізуші осыны түсінгенде жолдағы қауіп те азая түседі.
Құралбек СӘБИТОВ

