-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Starlink игілігі шалғайдағы ауылдарға да жетпек

    13.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Жоғары технология, Инфрақұрылым, Үкімет
    Starlink игілігі шалғайдағы ауылдарға да жетпек

    Фото: securitylab.kz

    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Илон Маск жетекшілік ететін SpaceX компаниясы алдағы жарты жылдың ішінде Қазақстанның шалғайда орналасқан 2 мың ауылындағы Интернетпен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2023 халықаралық форумы аясындағы брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті.

    «Форумға SpaceX төрағасының орынбасары (SpaceX Starlink бизнес-операциялары жөніндегі директоры Лорен Дрейер) келген болатын. Онымен екіжақты кездесулер өтті. Ол Президент мырзамен кездесуі барысында пилот ретінде шалғайдағы 2 мың ауыл мектебін SpaceX Starlink технологиясы арқылы интернетке қосуға келісімін берді. Біз көп ұзамай, жарты жылдың ішінде 2 мың ауылдағы мектепті Starlink арқылы жылдамдығы жоғары Интернетке қосамыз», – деді министр.
    Оның айтуынша, SpaceX Starlink технологиясының игілігін тек мұғалімдер мен оқушылар ғана емес, сонымен қатар ауыл тұрғындары да көреді.
    «Меніңше, ол жалпы ауылдағы Интернетке қосылам деушілерге үлкен мүмкіндік береді. Өйткені, ол ауылдарда 200-ден 500-ге дейін адам тұрады. Олардың арасында интернет мүлдем жоқ ауылдар да бар. Сол ауылдарға 100-200 Мбит-тік интернет жеткізілген кезде тұрғындар мектептегі интернетті пайдаланып, өздеріне қажетті сервистерді жүктей алатын болады», – деді Бағдат Мусин.

    Министр сонымен қатар 2025 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларының кемінде 75 пайыз және облыс орталықтарының 60 пайыздан астамы 5G желісімен қамтылатынын да жеткізді. Яғни, әрбір облыс орталығы аумағының 60 пайыздан астамы 2025 жылдың соңына дейін 5G технологиясымен қамтылатын болады.

    Ұсынымдар

    Әлеуметтік саланы қолдауға басымдық берілген жыл

    Әлеуметтік саланы қолдауға басымдық берілген жыл

    1 year ago
    Сенімді энергия көзі

    МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ

    8 months ago
    Шалғай ауылдардағы жастар белсенді

    Шалғай ауылдардағы жастар белсенді

    2 years ago
    Жамбыл ауданында жоғалған шопан аман-есен табылды

    Жамбыл ауданында жоғалған шопан аман-есен табылды

    2 years ago
    Елдің азаттығы айқындалған күн

    Елдің азаттығы айқындалған күн

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>