Адамның денсаулығына кері әсер ететін әдеттер бірден қалыптаспайды. Көбіне ол қызығушылықтан немесе достардың ықпалынан басталуы мүмкін. Сондықтан жастарға зиянды әдеттердің салдарын алдын ала түсіндіру маңызды. «Бір реттен ештеңе болмайды» деген түсінік қауіпті әдеттің басталуына себеп болуы ықтимал.
Отбасындағы тәрбие мен адамның қоршаған ортасы бұл жерде үлкен рөл атқарады. Жақындарының қолдауы мен дұрыс ортаның болуы адамның саналы таңдау жасауына көмектеседі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спортпен айналысу, белсенді демалыс пен пайдалы істерге көңіл бөлу қажет. Өз денсаулығын қорғау – әр адамның жеке таңдауы. Ал дұрыс таңдау адамның болашағына әсер етеді.
Құралбек СӘБИТОВ

