Адам өзінің құқықтары мен міндеттерін неғұрлым жақсы білсе, түрлі заңсыз әрекеттің құрбаны болу ықтималдығы да соғұрлым азаяды. Құқықтық сауаттылық азаматқа қандай жағдайда қайда жүгіну керектігін, қандай құжат қажет екенін және өз мүддесін қалай қорғауға болатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Заңды білмеу кейде адамның қателік жасауына немесе өз құқығын уақытында пайдалана алмауына әкеледі. Сондықтан ресми ақпаратқа жүгініп, күмәнді жағдайда мамандардан кеңес алған жөн. Әсіресе жастардың еңбек, білім, мүлік және цифрлық қауіпсіздік салаларындағы негізгі құқықтарын білгені маңызды.
Құқықтық сауат – күрделі ұғым емес. Ол күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдай білу қабілетінен басталады.
Құралбек СӘБИТОВ

