Перейти к содержимому
Главная страница » Заңды сақтау – өзгенің құқығын құрметтеу

Заңды сақтау – өзгенің құқығын құрметтеу

Қоғамдағы үлкен өзгерістер кейде қарапайым әрекеттерден басталады. Заңды сақтау, қоғамдық орынды таза ұстау, жол ережесін орындау, өзгенің құқығын құрметтеу – соның айқын мысалы. Әр азамат «тәртіпті біреу орнатуы керек» деп күтпей, оны өзінен бастағаны жөн. Сонда ғана қоғамдық жауапкершілік біртіндеп қалыптасады.
Мемлекеттік органдар заңның орындалуын қамтамасыз етеді. Ал тұрғындардың міндеті – заң талаптарын орындап, құқық бұзушылықтың алдын алуға өз үлесін қосу. Тәртіпті қоғамда адамдар бір-біріне көбірек сенеді. Қауіпсіздік те, тұрақтылық та осындай өзара жауапкершіліктен туындайды.
Заң мен тәртіп – тек ресми ұғым емес. Ол әр азаматтың күнделікті өміріндегі нақты әрекет. Сондықтан қоғамдағы тәртіпті өзгеден емес, ең алдымен өзімізден бастауымыз керек.

Құралбек СӘБИТОВ