Ауылдың ажары оның көшелерінің тазалығы мен тұрғындарының ұқыптылығынан көрінеді. «Таза Қазақстан» бастамасы елді мекендерді абаттандыруға және санитарлық жағдайын жақсартуға серпін беріп келеді. Көшелерді қоқыстан тазарту, аулаларды ретке келтіру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстары жүйелі жүргізілгені маңызды. Бұл іске мемлекеттік мекемелермен бірге әрбір тұрғын өз үлесін қосқанда ғана нақты нәтиже болады. Туған жерді таза ұстау – баршаға ортақ міндет.
Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

