Қоғамдағы қауіпсіздік тек полицияның немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес. Бұл – әр азаматтың күнделікті әрекеті мен жауапкершілігінен қалыптасатын ортақ құндылық. Көшедегі тәртіптен бастап, ауладағы тазалыққа, күдікті жағдайға бейжай қарамауға дейінгі қарапайым әрекеттер қоғамдық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі саналады.
Құқықбұзушылықтың алдын алуда тұрғындардың белсенділігі ерекше рөл атқарады. Азаматтар күмәнді жағдайларды дер кезінде хабарлап, құқық қорғау органдарымен байланыс орнатса, көптеген келеңсіздіктің алдын алуға болады.
Қазіргі таңда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи технологиялар да кеңінен қолданылуда. Бейнебақылау камералары, жедел байланыс жүйелері және түрлі цифрлық сервистер құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, оның алдын алуға мүмкіндік береді.
Дегенмен технология қанша дамыса да, қоғам мүшелерінің өзара жауапкершілігін алмастыра алмайды. Қауіпсіз орта қалыптастыру – мемлекет пен қоғамның бірлескен әрекетін талап ететін міндет.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
